Енді жүргізуші куәлігінсіз жүре беруге болады

Уақыты: 2021-01-21 Көрлімі: 833 Сипаттама

Сенатта жүргізуші куәлігін алып жүрмеуге мүмкіндік беретін заң қабылданды, Egemen.kz-ке сі...




Сенатта жүргізуші куәлігін алып жүрмеуге мүмкіндік беретін заң қабылданды,  Egemen.kz-ке сілтеме жасап хабарлаймыз.


Енді көлік жүргізушілері жүргізуші куәлігі мен техникалық паспортты өзімен бірге алып жүрмейтін болды. Сенаторлар осыған қатысты тиісті заң қабылдады. Соған сәйкес полицейлер жүргізушіде құжаттардың бар екенін деректер базасы арқылы тексереді. Ол үшін өзіңмен бірге жеке куәлігің болса жеткілікті.

Осы норма бойынша енді аталған құжаттарды өзімен бірге алып жүрмеген жағдайда салынатын айыппұлдар да жойылады.

«Мемлекет басшысының реформаларын сапалы заңдармен қамтамасыз ету – Парламенттің басты міндеті. Президентіміз атап өткендей, қоғамды алаңдатқан мәселелер Парламентте талқылануы қажет. Парламент өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналуға тиіс. Сондықтан әр заң жобасын талқылаған кезде қоғамның пікірін ескеруіміз керек», деді Мәулен Әшімбаев.

Алайда, мына бір жайтты ескеру керек. Егер жүргізуші шетелдік номері бар көлікпен жүрсе немесе жүргізуші куәлігін шетелден алса, жоғарыда аталған құжаттарды өзімен бірге алып жүруге міндетті. Себебі, қазақстандық полицейлер үшін шетелдік деректер базасы қолжетімсіз.

Заң қол қою үшін Мемлекет басшысына жіберіледі.

Айта кетейік, Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырыстарының бірінде көлікті құжатсыз жүргізгені үшін жауапкершілікті алып тастау туралы тапсырма берген еді.



Пікір жазу
  • Тоқаев бюджет саласындағы 1 миллион 70 мың қызметкердің еңбекақысын өсіруді тапсырды
    Зейнетақы жинағының бір бөлігін қалай алуға болады?

    Ұқсас тақырыптар