Мұстафа Өзтүріктің рухына арнап композитор Шолпан Қорғанбек күй шығарды

Уақыты: 2020-11-05 Көрлімі: 991 Сипаттама

Белгілі композитор Шолпан Қорғанбек спорт қайраткері Мұстафа Өзтүріктің рухына арнап...

201104211034106e.jpg

Белгілі композитор Шолпан Қорғанбек спорт қайраткері Мұстафа Өзтүріктің рухына арнап «Тарлан» атты туынды шығарды, деп Нұр-Сұлтандағы Мемлекеттік академиялық филармонияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Қазақстанның белгілі спорт қайраткері Мұстафа Өзтүрік көзі тірі болса, 23 қарашада 60 жасқа толар еді. Аты аңызға айналған тұлға өз өмірінде Қазақстанда таеквандо мектебінің негізін қалап, адал ізбасарларын тәрбиеледі. Рухы мықты, өз идеяларына берілген Мұстафа Өзтүріктің бейнесі композитор Шолпан Қорғанбекті «Тарлан» аспаптық туындысын шығаруға шабыттандырған.

Домбыра үніндегі лирикалық бастама кейіпкердің туған жері туралы, өзінің барлық білімі мен дағдыларын туған халқына қалай жеткізуге болатындығы туралы ойларын жеткізеді. Бүкіл ансамбльмен орындалатын шығарманың қарқынды бөлімі М. Өзтүріктің ерік-жігер, рух күші, батылдық, адалдық сияқты қасиеттерін аша отырып, жігерлі, екпінді шырқалады.


«Қазақстанның аты аңызға айналған тұлғалары, ерекше тұлғалар мені жігерлендіргендей болды, олар біздің қуатты және бай шежіремізді құрайтын тұлғалар деп айтуға болады. Осылайша Әл-Фарабидің, Абайдың, Сұлтан Бейбарыстың, Шыңғысханның, Бөрте, Кейкі батырдың, Бауыржан Момышұлының, Бекзат Саттархановтың музыкалық портреттері дүниеге келді, Мұстафа Өзтүріктің тұлғасы да мені музыкалық арнау жазуға шабыттандырды. Маған өзім бастан кешірген сезімді, мықты адамның өмір бейнесі мен қызметіне деген қызығушылықты дүйім жұртқа жеткізгім келді. Бұл мақтаныш пен таңдану сезімі. Әрқашан музыка құралы ретінде кейіпкердің адами қасиеттерін, оның бастан кешкендерін, ойлары мен күшті рухын жеткізгім келеді. Тыңдаушы менің музыкалық шығармамды ризашылықпен қабылдайды деген сенімдемін», - деді шығарманың авторы Шолпан Қорғанбек.

Аян Бекенұлы

Дереккөз: ҚазАқпарат



Пікір жазу
  • Алматыда карантиннің сақталуына бақылау күшейтілді
    Қазақстанда жастарды жұмысқа орналастыруға арналған қандай бағдарламалар бар

    Ұқсас тақырыптар