«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX съезі 25 қарашада өтеді

Уақыты: 2020-11-02 Көрлімі: 1030 Сипаттама

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX съезі 25 қарашада өтеді. Бұл туралы партия төрағасыны...

14_main.jpg

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX съезі 25 қарашада өтеді. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter парақшасында хабарлады.

«Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX съезін 2020 жылғы 25 қарашада өткізу туралы қаулыға қол қойды» деп жазды партия басшысы.

Бұған дейін Бауыржан Байбек Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің бюросын шақыру туралы қаулыға қол қойғанын хабарлаған. 

«Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің бюросын 2020 жылғы 24 қарашада шақыру туралы қаулыға қол қойды», деп жазған ол. 


Пікір жазу
  • Соңғы 2 күнде коронавирус жұқтырған адамдар саны 2 есе өсті
    Алматыда карантиннің сақталуына бақылау күшейтілді