Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылар мен студенттерді Білім күнімен құттықтады

Уақыты: 2020-09-01 Көрлімі: 967 Сипаттама

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық өрендерді Білім күнімен құттықтады....

IMG_20190503_064230_514.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық өрендерді Білім күнімен құттықтады.

«Мектеп оқушылары мен студенттерді Білім күнімен құттықтаймын! Бүгін жаңа оқу жылы басталады. Сіздерге өз күш-жігерлеріңізге, талпыныстарыңызға, еңбектеріңізге сүйене отырып, болашақтағы жетістіктеріңіздің іргетасын қалау міндеті тұр. Жаңа әлемдегі ең құнды дүние саналатын білімге жол ашатын ұстаздарға табыс тілеймін.  Пандемия мектептер мен жоғары оқу орындарындағы оқу жылының басталуына кері әсерін тигізді. Бірақ бұл - уақытша құбылыс. Үкіметке балалар мен жастар арасында қауіпті індеттің алдын алып, санитарлық нормаларды сақтай отырып, білім берудің дәстүрлі қалпына оралу тәртібін әзірлеу тапсырылды» деп жазды Президент Twitter парақшасында.


Пікір жазу
  • Қ. Тоқаев: Конституция Тәуелсіздігіміздің берік құқықтық негізін қалады
    М. Бақтиярұлы: Дәстүрлі білім беруді жалғастыру мәселесін қарауымыз керек

    Ұқсас тақырыптар