А. Мамин: Қазақстан өзін астықпен толық қамтамасыз етеді

Уақыты: 2020-08-25 Көрлімі: 925 Сипаттама

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысы...

a542d96a74d8d7771e9485822393c2e0.jpg

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында 2020 жылғы егін жинау жұмыстарының барысы қаралды. 

Егін жинау науқанының басталуы туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету туралы энергетика министрі Н. Ноғаев, өңірлердегі ахуал туралы Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек баяндады.
Премьер-Министр А. Мамин қазіргі уақытта барлық өңірлер жаппай егін жинауға кірісгенін айтып өтті. 

«Негізгі астық егетін өңірлерде ауа райы жаздың ортасында құрғақ болса, қазір – тұрақсыз. Сондықтан өнімді жинап алумен қатар, жұмысты барынша төмен шығынмен орындап үлгеру маңызды. Үкімет тарапынан егін жинау жұмыстарын қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті шешімдер қабылданды",- деді ол. 

 Үкімет басшысының айтуынша барлық қабылданған шаралар есебінен биылғы астықтың болжамды жалпы жиналымы 18 млн тонна деңгейінде жоспарланып отыр.

«Қазақстан өзін астықпен толық қамтамасыз етеді. Экспорт әлеуеті де жақсы болады. Қомақты ресурстық базасы мен географиялық жағынан аса ірі өткізу нарықтарының ортасында ыңғайлы орналасуы отандық агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін және Қазақстанның әлемдік азық-түлік хабына айналуына жағдай жасайды. Тауарлар мен қызмет нарығындағы күрделі жағдайды ескергеннің өзінде, нарықтағы астық пен басқа да азық-түлік өнімі бағасының серпіні тұрақты, тіпті оң болып табылады. Сондықтан біз агроөнеркәсіптік кешенді орта және ұзақ мерзімді перспективада экономиканың негізгі локомотивтерінің бірі ретінде көреміз», - деді Асқар Мамин.



Пікір жазу
  • Оқушыларға мектепте қолғап кию міндетті ме?
    Қазақстанда шектеу шараларын жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды