Тоқаев: Ж.Үшкемпіровтің қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым

Уақыты: 2020-08-03 Көрлімі: 1097 Сипаттама

Үкімет карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Бұл туралы ҚР П...

Снимок.JPG

Үкімет карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды. 

«Бүкіл әлемде пандемия өршіп тұр. Ол Қазақстанды да айналып өтпеді. Індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді, қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамыздан алып кетіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес»,-деп жазды Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент  Ж.Үшкемпіровтің қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын атап өтті.

«Даңқты палуан, қоғам қайраткері Ж.Үшкемпіровтің қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осы дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғама батты. Коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.




Пікір жазу
  • Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина сынақтан сәтті өткізілуде
    Алексей Цой: Қиын кезең артта қалды

    Ұқсас тақырыптар