Айдос Үкібай: Елбасының денсаулығына алаңдаудың қажеті жоқ

Уақыты: 2020-06-18 Көрлімі: 793 Сипаттама

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтан...

eaYqnBdt.jpeg

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус анықталғанына қатысты пікір білдірді.

«Ай басталғалы Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс кестесі өте тығыз болды. Елбасы екіжақты келіссөздер жүргізіп, ресми тұлғаларды қабылдады.

Оған қоса, Тұңғыш Президент отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Жалпы алғанда телевизиялық түсірім үшін 40 адам жұмыс істеді, оның ішінде шет елдің азаматтары да бар.

Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайын медицина қызметкерлері бақылап отыр. Алаңдауға негіз жоқ. Елбасы заманауи коммуникация арналарын пайдаланып қашықтан жұмыс істеп жатыр.

Бекітілген хаттамаға сәйкес, Тұңғыш Президенттің басқа тұлғалармен байланысы шектелді. Елбасы қатысатын жоспарланған кейбір іс-шаралар бейнеконференцбайланыс түрінде онлайн режимде өтеді.

Ресми хабар тараған алғашқы минуттан бастап Тұңғыш Президенттің денсаулығына алаңдаған және тезірек сауығып кетуін тілеген азаматтардан хат алып жатырмыз. Менің телефоным хабарласқандар мен мессенджерлерден келген хабарламаға толып қалды. Журналистер, достар, туыстар, әріптестер хабарласып Елбасыға күш-қуат пен мықты денсаулық тілеп жатыр. Олардың қатарында жақын және алыс шетелден хабарласқандар бар. Тұңғыш Президентке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев а қолдау білдірді, еліміздің барлық аймағынан Елбасы Кеңсесіне жеделхат келіп түсіп жатыр.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтар мен барлық алаңдап отырған адамдарға алғыс білдіреді».



Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі
    Соңғы аптада КВИ-дың симптомсыз жағдайлары 65 пайызға артты