Алматы әкімі кәсіпкерлерді санитарлық ережелерді бұзбауға шақырды

Уақыты: 2020-06-11 Көрлімі: 425 Сипаттама

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлер қоғамдастығынан санитарлық дәрігер бекіт...

d2e689359f2059c44f681ba32b78ef90.png

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлер қоғамдастығынан санитарлық дәрігер бекіткен нормаларды сақтауды өтінді.

Қала әкімі Instagram-дағы өзінің парақшасында эпидемиологиялық жағдай тұрақталған соң өндіріс, құрылыс, сауда мен қызмет көрсету орындары жұмыстарын кезең-кезеңмен жандандыра бастағанын еске салды.

"Басты талап – санитарлық нормаларды сақтау. Оның өзі қиын емес, яғни санитайзер, қорғаныс бетпердесі, қолғап пен әлеуметтік қашықтық. Егер ірі кәсіпорындар өз жұмысын тексеруден кейін бастаса, шағын бизнес саласына рұқсат хабарлама принципі бойынша берілді. Бұл ретте жауапкершілік жүгі кәсіпкерге жүктелді", - деп жазды Б. Сағынтаев.

Тәжірибе көрсеткендей, жауапкершілік пен оның маңыздылығын түсінетіндер көп емес. Мамандармен тексерілген 2,4 мыңға жуық субъектінің138-інде заң бұзушылық анықталды. Кейбіреуінің қызметін тоқтатуға тура келді. 

Кәсіпкерлік қауымдастық өкілдерінен өтініп сұрарым, қызмет түріне қарамастан, белгіленген нормаларды ұстану керек. Егер қауіпті індеттің қайта өршуіне жол берсек, қаланың тыныс-тіршілігіне ауыр соққы болары анық. Бір-бірімізді қолдайық, - деп  Алматы әкімі қала кәсіпкерлеріне үндеу тастады.


Пікір жазу
  • Жапонияда Қазақстанды зерттеу жөніндегі сарапшылар қауымдастығы құрылды
    Жылқы шаруашылығына қандай субсидиялар беріледі?

    Ұқсас тақырыптар