Коронавирус әлемдік экономикаға қанша шығын әкеледі

Уақыты: 2020-03-10 Көрлімі: 639 Сипаттама

10 ақпандағы мәліметке сәйкес әлем бойынша мемлекетте коронавирус жұқтырғандар саны 114057 адамға жетті. Оның ішінде 4017 адам көз жұмып, 63974 адам сауығып шықты. Қытайдан кейінгі коронавирус ең көп Италия мен Иранда тіркелген....

image1170x530cropped.jpg

10 ақпандағы мәліметке сәйкес әлем бойынша мемлекетте  коронавирус жұқтырғандар саны  114057 адамға жетті. Оның ішінде 4017 адам көз жұмып,  63974 адам сауығып шықты. Қытайдан кейінгі коронавирус ең көп  Италия мен Иранда тіркелген.

Коронавирус жұқтырған Қытайдан басқа 111 елдеге 33535 адамнан 889 науқас қайтыс болды:

Италияда – 463,

Иранда – 237,

Оңтүстік Кореяда – 53,

Круиз лайнерде -7,

Жапонияда - 9,

АҚШ – 26,

Францияда - 30,

Испанияда – 30,

Иракта - 7,

Гонконгта – 3,

Филиппинде – 1,

Таиландта – 1,

Австралияда - 3,

Сан-Маринода - 2,

Ұлыбританияда - 5,

  Нидерландта – 4,

 Тайванда – 1,

 Аргентинада – 1,

Мысырда – 1,

Германияда – 2,

Канада – 1,

Швейцария - 2 адам.

Инфекция жұқтырғандар саны күн сайын 14,7 пайызға, өлім-жітім – 2,6 пайызға артып отыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің таратқан ақпаратына сәйкес  Қауіптілігі жағынан 1 «а» санатына кіретін елдер:

Оңтүстік Кореяда - 7478 адам індетке шалдыққан (тәулік ішінде + 165 жағдай, өсім 2,2%);
Иранда – 7161 жағдай тіркелген (тәулігіне + 595, өсім – 9%).

1 «б» санатына кіретін елдер:
Италияда - 9172 адам жұқтырған (тәулігіне + 1797, өсім – 24,3%).

 Қытай бойынша 80754  адам COVID-19  жұқтырғаны тіркелген (тәулігіне + 19 жағдай) ( күн сайынғы өсім – 0,02% құрайды), оның ішінде – 3136 адам қайтыс болды (өлім көрсеткіші – 3,8%). 59897 адам сауығып шығарылды (74,1%). Стационарларда 17 мың 721 науқас қалып отыр. Қазіргі кезде қайтыс болғандардың басым бөлігі 63- жастан асқан қарттар.

Сонымен бірге коронавиурс Қытайдың ғана емес әлем экономикасына ықпалын тигізіп отыр. Сарапшылар COVID-19   жаһандық экономика өсімін 2,5% -дан төмен деңгейге дейін құлдыратуы мүмкін деп болжайды.  БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) ұйымы осылай мәліметінше коронавирус салдарынан әлемдік экономика шығыны 2 трлн долларды, ал дамушы елдерде 220 млрд долларды құрауы мүмкін.

Ең көп шығынға вируспен күресте радикалды шаралар қабылдауға дейін барған ауру жұқтырғандар деңгейі жоғары, сондай-ақ Қытайдағы өндірістерге тәуелді мемлекеттер ұшырайды. Олардың қатарында Корея Республикасы, Жапония мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері бар. Мұнай мен шикізат тауарларын экспорттаушы елдерге де жағдай ауыр тиеді, олар экономикалық өсімнің бір пайызынан астамын жоғалтуы мүмкін деп болжады.

Қазақстан экономикасына да кері әсері болғаны бүгінгі үкімет отырсында айтылды. ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайловтың айтуынша, биыл ақпан айында қытайлық импорттың көлемі 2019 жылдың ақпанымен салыстырғанда 11 пайызға, ал физикалық көлемі 27 пайызға төмендеді.  Қытайдан келетін импорттық тауарлардан түсетін кедендік баждар мен салықтардың көлемі 12 пайызға, яғни 2,1 млрд теңгеге азайған. Жалпы есептік кезеңде Қытайдан келетін автокөлік құралдарының саны 24 пайызға және темір жол көліктері 14 пайызға азайған. 

 Jebeu.kz

 

 


Пікір жазу
  • Қытайдағы коронавирус Қазақстан экономикасына қалай әсер етті
    Қазақстанда су тасқынының алдын алу үшін қандай шаралар атқарылып жатыр

    Ұқсас тақырыптар