Мемлекет басшысы Сауат Мыңбаевқа жолаушылар тасымалының сапасын арттыруды тапсырды

Уақыты: 2020-02-26 Көрлімі: 356 Сипаттама

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сау...

6a1c13b269477a82056a5608b0dd40cf.jpg

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады, деп Ақорда-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлаймыз.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының 2019 жылғы жұмысының қорытындылары және теміржол саласын дамыту перспективалары жайында баяндалды.

Сауат Мыңбаев Қазақстан Президентіне компания жұмысына қатысты кейбір заңнамалық және реттеу аспектілеріне қатысты мәлімет берді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Сауат Мыңбаевқа жүк тасымалының көлемін ұлғайту, контейнерлік транзит, отандық тауарлардың үлесін көбейту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру секілді бірқатар нақты тапсырма берді.


Пікір жазу
  • Короновирус вакцинасының табылғандығы хабарланды
    ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірнеше елге жол жүруден бас тартуға кеңес берді

    Ұқсас тақырыптар