Ұшақ апатынан жарақат алған 49 адам ауруханаға жатқызылды

Уақыты: 2019-12-27 Көрлімі: 841 Сипаттама

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Нәдіров Алматы маңындағы ұшақ апатында қаз...

Снимок.JPG

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Нәдіров Алматы маңындағы ұшақ апатында қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.

«Ұшақ апатынан қайтыс болған адамдардың отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету үшін Алматы қаласы мен Алматы облысының 86 бригада жұмылдырылды.103-ке алғашқы қоңырау таңғы 07:43-те түсті. Жедел жәрдем оқиға орнына 15 минутта жетті. Барлығы 67 адам жарақат алды, оның 49-ы ауруханаға жатқызылды. Арасында 9 бала бар. 5 адам тексеруден кейін амбулаториялық емдеуге жіберілді. 12 адам қайтыс болды. 8 адам - оқиға орнында, тағы екеуі тасымалдау кезінде және 2 ересек адам алған жарақатынан көз жұмды», - деді Қамалжан Нәдіров.

Вице-министрідің  айтуынша, қазір ауруханада 47 адам жатыр. 8-нің жағдайы өте ауыр, 38-і орташа ауыр, біреуінің халі - орташа. 10 ересек және 2 балаға ота жасалған. Зардап шеккендер бірнеше медициналық мекемеге жеткізілді. 6 науқас Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілді, оның біреуі тексеруден кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді. 5 науқастың жағдайы ауыр, тұрақты деп бағаланып отыр. Балаларға арналған жедел медициналық көмек көрсету орталығына түрлі жарақатпен 9 бала түсті. Қазіргі уақытта жетеуінің жағдайы - ауыр, тұрақты, екеуінікі - орташа ауыр. 2 балаға ота сәтті жасалды. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына 14 адам жеткізілді.Оның екеуі дәрігерлердің тексеруінен кейін амбулаториялық емдеуге жіберілді, 12 науқастың жағдайы орташа деп бағаланды.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Алматы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өткізді
    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқын жаңа жылмен құттықтауы