Сабыржан Мұxамедxанұлы "Құрметті құрылысшы" төсбелгісімен марапатталды

Уақыты: 2019-08-13 Көрлімі: 1605 Сипаттама

Алматыда тамыздың екінші жексенбісі Құрлысшылар күніне орай бір топ құрлыс саласының...

1513425181873074.jpg

Алматыда тамыздың екінші жексенбісі Құрлысшылар күніне орай бір топ құрлыс саласының үздіктерін  Үкімет басшысы Асқар Мамин марапаттады. "Құрметті құрылысшы" төсбелгісімен марапатталған азаматтардың ішінде "Жебеу" Респубикалық қоғамдық бірлестігінің бұрынғы төрағасы, құрылтайшыларының бірі, белгілі кәсіпкер Сабыржан Мұxамедxанұлы бар. Осы орайда Сабыржан Мұxамедxанұлын «Құрметті құрлысшы» төсбелгісімен құттықтап, тәуелісіз еліміздің көркейіп-гүлденуіне өздік үлес қосып жүрген кәсіпкерің алдағы атқарар шаруаларына табыс тілейміз!  

Сабыржан Мұқамедханұлы 1969 жылы ҚХР дүниеге келген. 1993 жылы Пекин Орталық ұлттар Университетінің информатика мамандығы бойынша оқып, қызыл дипломмен бітірді. 1995-1998 ж. аралығында Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің аспирантурасын тәмамдады.

1999 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Ол басқаратын "Г.С.Г. Высотник" ЖШС (ТОО), бүгінгі таңда -228 адам тұрақты жұмыс істейтін, 2 га базасы, 1500 м2 офисы және 70(жетпіс) дана теxникасы бар құрылыс мекемесі болып табылады.

Мекеме Алматы қ. және Қазақстанның көптеген жерлерінде үлкен жобаларға ат салысып, барлығын үлкен абыроймен атқарып келеді. Мәселен,  Алматы қаласы бойынша көп қабатты тұрғын үй, мектеп, аурухана, бала-бақша және инженерлік жүйе құрылысы нысандарынан басқа Аэропорт, АДЕМ, Silk Way City, Астанадағы вокзал, Ақтаудағы цемент зауыты, Алматы обылысы Мойнақтағы су электр станциясы ГЭС сияқты үлкен жобаларға белсене ат салысты.

Бұдан тыс мекеме Алатау ауданы индустриалды зонадан- 5 га жер алып, «Автоклавтық ұялы бетон өндірісі бойынша зауыттың құрылысы» инвестициялық жобаны қолға алып, 2019 жылдың аяғында іске қосады.

Сабыржан Мұқамедханұлы басқарған мекеме Жетісу ауданының салық төлемдері бойынша жоғарғы деңгейдегі салық төлеушісі.

Сабыржан Мұқамедханұлы 2014 жылы Алматы қаласы Әкімінің Құрмет граммотасымен, 2015 жылы Елбасының "Ерен еңбегі үшін" медалімен, 2016 жылы  Елбасының "Алғыс xаты", 2016 жылы ҚР тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған мерекелік медалімен марапатталған.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • А. МАМИН: 2019 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР–ШІЛДЕДЕ ЖІӨ ӨСІМІ 4,2% ҚҰРАДЫ
    Қалалық ТЖД Алматыдағы сел қаупі жөнінде: алаңдауға негіз жоқ

    Ұқсас тақырыптар