ҰҚК ҚАУІПСІЗДІК СЕРТИФИКАТЫН ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТКІЗУДІ ТОҚТАТАДЫ

Уақыты: 2019-08-07 Көрлімі: 96 Сипаттама

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының За...

sDCrsczEIjMv7KZkGrqZ8v7e3awLIhHn2xQNOmxN.jpeg

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және киберқауіпсіздік пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ҚР ҰҚК қауіпсіздік сертификатын қолдануды тестілеуді сәтті аяқтады. Нәтижесінде кибер және ақпараттық кеңістікте киберқауіптің алдын алу жүйесі құрылды. деп  ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайыз.

Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы тек өткен айда ғана мемлекеттік органдар мен жеке компанияларға қатысты 8 млн мәрте вирустық белсенділікті және 130 мың кибершабуылды анықтады. Одан бөлек, бірқатар мемлекеттік органдарға кибертыңшылық жасау фактілері ашылды.

Сонымен қатар, сертификат енгізудің түйткілді мәселелері зерделенді, байланыс операторларының жұмысына ықпал ететін тұстары тексерілді.

Сертификат болашақта ұлттық қауіпсіздікке кибер және ақпараттық шабуыл арқылы қатер төнген жағдайда ел азаматтарына алдын ала ескерту бере отырып қолданылатын болады.

Тестілеу жұмыстарының оң нәтижеге жеткенін ескере отырып, ҰҚК 7 тамыздан бастап тестілеудің тоқтатылатынын мәлімдейді. Жақын арада ресми сайтта жеке құрылғылардағы қауіпсіздік сертификатын өшіру жолдары көрсетілген нұсқаулық жарияланады.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Президент Асқар Маминге еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыру жөнінде тапсырма берді
    ҚР Президенті Қырғызстандағы болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр

    Ұқсас тақырыптар