Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жаңарған әлеуметтік саясаты бойынша шұғыл шаралар әзірлеуді тапсырды

Уақыты: 2019-06-18 Көрлімі: 694 Сипаттама

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады...

FC4D700A-BF63-4F35-B7F1-B2A43D3AEC21.jpeg

 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Мемлекет басшысына Үкіметтің әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша қабылдаған шаралары  және бұрынырақ берілген тапсырмалардың орындалу барысы баяндалды. 

Қазақстан Президенті Премьер-Министрге шұғыл түрде Үкіметтің жаңарған әлеуметтік саясаты бойынша шаралар әзірлеуді тапсырды.

 «Бұл саясат халықтың өмір сүру деңгейін арттыру тұрғысынан тиімді болуы керек. Сондықтан, ол нақты мұқтаж жандарға ғана бағытталуы шарт», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.


Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды
    А. МАМИН: Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселесі бәріміз үшін аса маңызды

    Ұқсас тақырыптар