Қасым-Жомарт Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды

Уақыты: 2019-05-22 Көрлімі: 1252 Сипаттама

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент міндетін атқарғаннан бері халық алаңда...

4038a7fba760af693edd74e7c90aafaa.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент міндетін атқарғаннан бері халық алаңдаушылық танытып жүрген көптеген түйіткілікті мәселлер жөнінде пікір білдіріп, жұрт көңіліндегі күдіктерді сейілтіп келеді. Бұған дейін сұхбатында және өңірлерге жасаған сапары барысында үш тілді білім беру жүйесі туралы, жемқорлықтың алдын алу турасында, атқарушы билік пен халық асындағы байланыстың жақындауы жөнінде пікірлерін білдірген. Осы мәселелердің бір қатарын өзінің сайлау алды бағдарламасына да енгізген.  21 мамыр күні президент Қостанай облысына жасаған жұмыс сапары барысында жер мәселесі жөнінде ұстанымын білдірді.

Ақ Орданың Баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы ауыл шаруашылығы мамандарымен кездесуінде «Жер мәселесіне келер болсақ, кім жұмыс істейді, жер соған тиесілі. Екіншіден, жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің Президент ретінде түбегейлі ұстанымым» деп мәлімдеген.

9 маусымда  өтетін ҚР президенттік сайлауында президенттіке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл ұстанымын білдіруі де сайлаушылардың дұрыс таңдау жасауына өз әсерін тигізіп, мемлекет басшысының сенімін арттыра беретін қадам. 

Айта кетейік, 21 мамыр күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар нысандардың жұмысымен танысты. Сонымен бірге президент Қостанай қаласында өтіп жатқан жастар форумына қатысты.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі АҚШ-та прокатқа шығады
    Марат Тәжинның төрағалығымен Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті