ҚР Президенттігіне үміткер Тоқаевтың үгіт-насихат жұмыстары басталды

Уақыты: 2019-05-12 Көрлімі: 2950 Сипаттама

11 мамыр сағат 18.00-де Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың сайлауалды үг...

59904144_1954329801339406_2398477366364995584_n.jpg

11 мамыр сағат 18.00-де Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары ресми түрде басталды, деп Нұр Отан партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлаймыз. 

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XIX Съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Қазақстан Президенттігіне үміткер ретінде партиямыздың атынан бір ауыздан Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасы ұсынылды. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы құрылды. Оған 190 мыңға жуық адам еніп, кандидаттың сенімді өкілі ретінде 19,5 мың адам тіркелді. Олардың құрамында табысты кәсіпкерлер, отандық эстрада және кино жұлдыздары, шығармашылық интеллигенция өкілдері, елімізге белгілі спортшылар мен мемлекет және қоғам қайраткерлері енді. 

Ағымдағы сайлау науқанының жаңалығы ретінде алғаш рет қоғамдық штабтың «TEAMQAZAQSTAN» жастар қанатының құрылғандығын айтуға болады.  

Бүгінде еліміз бойынша 227 қоғамдық штаб құрылды. Оның 17-сі – облыстық, 37-сі – қалалық және 173-і аудандық деңгейде жұмыс істейді. Аймақтық және аумақтық штабтардың құрамына 5766 адам енсе, оның 1267-сі жастар қанатының өкілдері.

Сайлауалды бағдарламаның негізгі ережелері қандай? Штаб мүшелері кімдермен және қашан кездеседі? Кездесу барысында тұрғындар қандай мәселелерді көтерді? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын білгіңіз келсе, Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда жаңалықтарды қарауды ұмытпаңыз.

•        Facebook группа: 

Қ.К.Тоқаев штабының жаңалықтары / Новости штаба К.К.Токаева

https://www.facebook.com/groups/QT092019/ 


•        Facebook страница: 

Қ.Тоқаев штабының жаңалықтары / Новости штаба К.Токаева 

https://clck.ru/FxjLX


•        Instagram: 

Toqayev_shtaby 

https://clck.ru/FxULe 


•        ВКонтакте: 

Штаб Тынысы / Будни Штаба

https://vk.com/toqayevshtaby


•        Telegram: 

хоРОШее дело

https://t.me/Toqayev_shtaby 


•        You Tube: 

Toqayev Shtaby / Штаб Токаева

https://clck.ru/FxULu 

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: Халқымыз Ұлы жеңіске өлшеусіз үлес қосты
    «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсы өтеді