Қазақ атауы туралы аңыз

turdybek 2017-12-27 Қысқаша

Редакциядан: сайтымызда бұған дейін «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі көрнек...

Жарнама орны

714582bd82bcc858ccfe7f77e8ce8546.jpg

Редакциядан: сайтымызда бұған дейін «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі  көрнекті ғалым, тарихшы Нығмет Мыңжанидың «Таңдамалы мақалалар», әйгілі тарихшы, қоғам және мемлекет қайраткері Зардықан Қинаятұлының «Тарихқа көзқарас», «Найман хандығы: тарихы және мәдениеті ХІІ-ХІХ ғғ.» атты кітаптарын шығарғанын жазған едік. Алдағы уақытта осы кітаптарда шыққан  Нығымет Мыңжани мен Зардықан Қинаятұлының еңбектерін сайтымыздың оқырмандарының назарына ұсынып отырмақпыз. Сол мақсатта бүгін Нығмет Мыңжанидың "Қазақ атауы туралы аңыз" деген мақаласын беріп отырмыз.


Қазақ атауы туралы аңыз

Ертеде, бір батыр қолбасы қосынды алдыңғы лек, орта лек, артқы лек деп сапқа бөліп жер қайысқан қалың қолмен батысқа қарай жорыққа аттанады.

Қосын жолда бір шет-шексіз меңіреу шөлге кез болады. Кейде ұйытқый соққан боран құм-қиыршықты аспанға алып шығып қайтадан нөсердей боратады. Бұл дәл шілде кезі болып күн оттай жанады. Қосын үш күн бойы бір ұрыттам су татпайды, азық та таусылады. Әйтседе, сарбаздар ыстық пен шөлге қарысып алға қарай ілгерлей береді.

Көздеген жауға жасындай түсу үшін қолбасы алдыңғы лек пен орта лекті іріктеп алып суыт алға тартады. Соңғы лек жауды адастыру үшін шөлде қалып баяу алға жылжиды.

Тағыда үш күн өте шығады, су табылмайды, азықта тақа таусылады.

Шөл мен аштық қос бүйірлеп, тосқауыл лектің қолбасы бір жас сардар екен. Ол астындағы сайгүлігін сойып, барлық азық-түлігі мен суын жасақтарға үлестіреді.

Тағыда бір неше күн өте шығады, су табылмайды, мінген аттары да сойылып бітеді.Сансыз сарбаз шөлден өкпелері жабысып, бұралып шөлде қалады. Сап былығып сарбаздар андыздай бытырап алға тартады.

Бір күні, ойламаған оқиға туылады. Тосқауыл лектің қолбасы шөлден, аштықтан және қатты шаршағандықтан қарға адым жер жүре алмай, жығылған орнынан тұра алмай қалады.Артынан ерген сардар-сарбаздар қабырғалары қайысса да ешкім де оған көмектесе алмайды, жасақ тәртібі қатты, қолбасының бұйрығы парыз. Қолбасы сардар-сарбаздарға тоқтамай алға ілгерлей беруге әмір етеді. Қолбасы соқа басы сопиып жалғыз өзі шөлде қалады.Ажал жақындай түседі. 

Сол кезде, есеңгіреген қолбасының көзіне аққу елестейді(кей аңыздарда «ақ қаз» деп айтылады), аққу алыстан ұшып келіп қасына қонады аққу су бойында жасайтын құс,шөлден өлуге айналған қолбасының көзінен үміт оты маздайды. Ол қайратын жиып, орнынан тұрады.Мына ғажапты қараңыз, әлгі аққу адамнан қорықпай, қолбасыға жол бастайды.Қолбасы ішінен: «апырау, аққу жол бастады ғой» деп ойлайды, осылайша, аққу оны өзеннің жағасына бастап келеді.

Су, оған өмір береді.

Қолбасы мөлдір судан қана ішеді, бойы сергіп, есіне келеді. Кенет, ол өзін құтқарған аққуды есіне алып жан жағына қарайды.Бырақ аққудың қарасыда көре алмайды.

Осы кезде, ол өзен жағасының көрінісі көздің жауын алардай сұлу екенін байқайды, сылдырай аққан мөлдір су күн нұрымен шағылысып, әсем толқындар бірін- бірі ұтылай қуады.Қолбасы өзен бойын тамашалайды.

Бірнеше күннен кейін қолбасының денсаулығы әбден қалпына келеді.Ол сарбаздарын ойлап соғыс майданына құстай ұшып жетуді армандайды. Бырақ, олар қайда? Қай жақта? екенін біле алмайды.

Бір күні түстен кейін, судан қанып ішіп өзен жағасындағы көкорай шалғында шалқадан түсіп жатып ұйықтап кетеді. Түсінде, ол өзіне қарай ұшып келе жатқан әлгі аққуды көреді. Ол аққуға мініп ұша жөнеледі.Аққу оны алып ауелей ұшып асқар таулардан, баябан шөлдерден, жасыл жайлаулардан өтеді...Ұшып отырып қағанның шатырының алдынан бырақ шығады. Қаған оны ішке кіруге шақырып:

-«Тосқауыл қолбасы, шөлде қалады деген еді, бүгін қалайша қайтып келдің, өң-ретің екі айдың алдындағыдан да жақсы ғой», -дейді.

«Шөлде қалсамда ажал алмады, бәрі де иемнің бақыты үшін гой!» Ол өзіне аққудың жол бастағаннын, өзен суының қасиетін,өзен жағасының көркемдігін, өзінің сарбаздарды сағынғанын, майданға барып қағанға қызмет көрсетсем деген тілегін, кейін аққуға мініп қайтып келгенін баяндайды.

Қаған қолбасының әңгімесін ұйый тыңдап, ауызы аңқиып отырып қалады.Әзер дегенде есіне келген қаған тағынан түсіп қолбасының қолын алады. Ойын-тамаша той болсын деп жар салады.

Қаған мен уәзірлердің күлкі дауысы қолбасыны оятып жібереді, ол көзін сығырайтып ашып әлгінде түсінде көрген аққуларды ойлайды… Орнынан тұрғанда кенет алдында тұрған сұлу қызды көреді, бұл қыз әлгі аққу еді.

Кейін жас қолбасы әлгі сұлу қызбен үйленеді, олардан бір ұл туады.Есте сақтау үшін оған «Қазы ақ» деп ат қоияды, кейін дыбысталудың өзгеруіне сай бала «Қазақ» деп аталып кетеді.

Қазақ ержеткеннен кейін, үш балалы болады. Бұл үш ұл кейінгі қазақтың үш жүзі: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүздің ата-бабасы еді.

Кейбіреулер «Қазақ» деген «аққу» деген мағынаны білдіреді десе, кейбіреулер «ақ қаз», «нағыз қаз», «нағыз қазақ» деген мағынада деп айтады.

Міне бұл қазақ атауы туралы аңыз болып табылады.

Бұдан тыс, мазмұны мен хикаясы осы тақылеттес тағы бір аңыз.Бырақ, дәуір тұрғысынан алғанда, тіпті ертедегі аңыз сияқты. Аталмыс аңыздың негізгі сюжеті былай өрледі: атамзаманда, адамзат топтық тұрмыс кешірген дәуірде, екі рулы бірін-бірі шабады, шабылған рудың ақсақалы рудағылардың өмірі мен мал мүлікін қорғап қалу үшін бір батыр қосынды жаудың шабуылынан бұрын майданға жібереді.

Батырлар баябан шөлдерден өткенде су таба алмай қиын күн туады. Қосындағы бір батыр өзін арнап, басқаларды құтқарып, өзі шөлде қалады. Кейін бір киелі аққу оны құтқарады, әрі оны алып ұшып ру отырған таудың төбесіне алып келеді.

Батыр аққудың киесімен есін жиғанда, ауылына оралғанын біледі.Батыр қатты тебіренеді. Осы кездеол қасында тұрған бір сұлу қызды көреді. Бұл қыз әлгі аққу еді.

Батыр аққудың қайрымдылығына рахмет айтады, оның мінсіз сұлулығына іңкәр болады. Аққу да батырдың ойын түсінеді әрі оған ғашық болады. Екеулері аулға  қарай аяңдайды. Батырдың ата-анасы шексіз қуанышқа батады, ауылдастар тұс-тұстан келіп құтты болсын айтады.

Олардың тойын ру ақсақалы өзі басқарады, балуан салу, бәйге, көкбар сынды ойын қимылдар өткізеді. Той дабыралы болады.

Аққу қыз әрі сұлу әрі зерек болады. Қой бағады, тамақ істейді, киім жамайды, өрнек тоқиды, басқаларға қамқорлық жасайды, басқаларда оны қатты құрметтейді.

Батыр мен аққудан бір ұл туады, есте сақтау үшін балаға«Қазақ» деп ат қойады, кейін Қазақтан:Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс атты үш ұл туады.

Бұл аңызда ертедегі көшпелі рулардағы аққу төтемі болып табылады.


Нығмет Мыңжани

Jebeu.kz


Әке
Қазақтар кимешекті қалай киген?

Ұқсас тақырыптар