Жанарбек Әшімжан "Ана тілі" газетінің бас редакторы қызыметіне тағайындалды

admin2 2018-07-09 16 ℃ Қысқаша

Белгілі журналист, ақын Жанарбек Әшімжан республикалық "Ана тілі" газетінің бас редакт...

f635fe9d1d5674cfca7ca036c067a76f_XL.jpg

Белгілі журналист, ақын Жанарбек Әшімжан республикалық "Ана тілі" газетінің бас редакторы болып тағайындалды, деп хабарлайды Jebeu.kz ақпарат агенттігі.

Жанарбек Әшімжан 1976 жылы 1 сәуірде Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылында туған.

1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

1996–1999 жж. қалалық «Алматы ақшамы» газетінде тілші, 2000 жылы «Қазақстан» журналында бөлім редакторы қызметтерін атқарған.

2000–2005 жж. республикалық «Жас Алаш» газетінде бөлім меңгерушісі, 2005–2008 жж. республикалық «Жас қазақ» ұлттық апталығында бас редактордың орынбасары болып қызмет еткен.

2008–2018 жж. Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Жұлдыз», «Простор», «Сын» журналдары мен «Қазақ әдебиеті» газеттерін біріктірген «ҚаламгерМедиа» орталығының директоры қызметін атқарды.

2012–2018 жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары.

2017–2018 жж. Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы қызметін атқарды.

2002 жылғы Халықаралық «Шабыт» фестивалінің бас жүлдегері.

Түркістан қаласында өткен Өмірбай Сәуірбаевқа арналған республикалық жыр мүшәйрасының I жүлдегері,

«ТұранӘлемБанкі» ұйымдастырған республикалық жыр бәйгесінің, «Бір өлең — бір әлем» атты халықаралық жыр мүшәйрасының бас жүлдегері.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының «Журналистикаға сіңірген еңбегі үшін» арнайы медалімен марапатталған.

Өлеңдері 2004 жылы «Өлке» баспасынан жарық көрген «Жас ақындар антологиясына» енген.


Jebeu.kz


Алғашқы интернет пен сайт жүйесін жасаған кім?
Дәурен Қуат "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы қызметіне тағайындалды

Ұқсас тақырыптар