Қазақ тарихының ойлау жүйесіне өзгеріс әкелген ғалымдардың кітабінің тұсауы кесілді

admin 2017-12-27 Қысқаша

Қазақ тарихының ойлау жүйесіне өзгеріс әкелген ғалымдардың кітабінің тұсауы кесілді...

Жарнама орны

Қазақ тарихының ойлау жүйесіне өзгеріс әкелген ғалымдардың кітабінің тұсауы кесілді

26 желтоқсан Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі шығарған көрнекті ғалым, тарихшы Нығмет Мыңжанидың «Таңдамалы мақалалар», әйгілі тарихшы, қоғам және мемлекет қайраткері Зардықан Қинаятұлының «Тарихқа көзқарас», «Найман хандығы: тарихы және мәдениеті ХІІ-ХІХ ғғ.» атты кітаптарының тұсау кесілді. 

IMG_0055.jpg

_SAM4589.JPG

Кітаптардың тұсауын Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов пен тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Талас Омарбеков кесіп, алаштанушы, филология ғылымдарының докторы Тұрсын Жұртпай, тарих ғылымдарының докторлары Аманжол Қалыш, Тұрғанжан Әбеуұлы, Ахмет тоқтабай, тарих ғылымдарының кандитаты  Әлімғазы Дәулетхан мен Нұрлан Атығаев  жазушы Тұрсынәлі Ырыскелдиев, , филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес қатарлы зиялы қауым өкілдері кітаптар мен авторлар туралы пікірлерін ортаға салды. Кітаптың тұсау кесеріне кітап сүйер қалың оқырманмен бірге Зардықан Қинаятұлының жұбайы мен ұлы Жармұхамет Қинаятұлы және Нығымет Мыңжанұлының ұлы мен келіні қатысты. 

IMG_0105.jpg

Аталған кітаптарды дайындап, баспаға ұсынған шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Нәбижан Мұқаметханұл: «Бүгін тұсауы кесілетін үш кітаптың біріның авторы тарихшы, ғалым  Нығмет Мыңжани, Қытайда туып өскен. 93 жылға дейін бірге жұмыс жасадық. Менің ұстазым. «Қазақтың қысқаша тарихы», «Қазақ мифологиясы» деген еңбектері Қазақстанда басылған. Бұл кісінің көптеген ғылыми мақалалары бар еді. Солардың ішінен таңдап «Таңдамалы мақалалар» деп жинағын шығарып отырмыз. Қалған екі кітаптың авторы тарихшы, ғалым Зардықан Қинаятұлы. Ол кісі еңбектері өте көп, 12 томдық еңбек жазған болатын. Соның ішінде шықпай қалған «Найман хандығы: тарихы және мәдениеті» деген  классикалық еңбегі бар еді. Бұл еңбектің ерекшелігі мемлекеттік тарихты толықтандырады. Демек тарихтағы ақтаңлақтарды толтыратын еңбек. Мұнда өте көп деректерге негізделген. Қазірге дейін ғылыми айналымға қосылмаған, көп адам табалмайтын ХІІ-ХІХ аралығындағы Найман хандығы негізіндегі еңбек. Мұнда тарихы, мәдениеті, дінінің қазірге дейін көп адамға беймәлім тұстары өте көп. Бұл еңбектің құндылығы қазірге дейін ғылыми айналымға қосылмаған, құнды деректерден Қытай деректері. Арап-Парсы деректері, Моғол-Манжұрт деректері, орыс пен Еворпа ғалымдарының деректеріне сүйене отырып, автор осы еңбекке 40 жылдан астам өз күшімді салдым деді. Өкінішке орай бұл кітаптың жарық көруіне Зардықан ағамыз үлгірмей кетті.  Бірақ, өсиет етіп кетіп еді. Осы кітаптың шығаруына Нәбижан сен жауапты болсаң, ең құрығанда менің жылдығыма шығарарсың деген еді. Бұл кітапты  менің інім Сабыржан Мұхаметханұлы өз қаржысымен шығарып отыр. Соымен бірге, Зардықан Қинаятұлы көптеген ғылыми мақалалар жазған болатын. Ғылыми еңбектерінің өзі «Тарихқа көзқарас» деген екі томдық болатын, соның бір томын шығардық. Бұл кітап пен Нығмет Мыңжанидың «Таңдамалы мақалаларын»  қаржыландырып шығарған  «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі. Оның басшысы Омарәлі Әділбекұлы деген жігіт, өзі кәсіпкер, қаламгер,  әдебиет сыншысы, ғалым азамат. Қытай ғалым академиясында істеген. Ғылымның не екенін жақсы білетін, түсінетін жігіт. Осы азаматтар биылғы жылға бір, екі кітап шығарсақ, қандай кітап шығарсақ болады деп рхани жаңғыруға, Елбасының үндеуіне, еліміздің өркендеуіне үлес қоссақ деп айтқаннан кейін осы кітаптардың ғылыми редакциясын жасаған жәйім бар еді. Осы кітаптардың сапалы басылып шығуына белгілі жазушы, Алаш сыйлығының иегері, «Мерей» баспасының директоры, баспагер Ғалым Қалибек шын ниетімен көмектесті,» - деп кітаптардың мазмұны мен авторларын таныстырып, кітапты шығарудағы мақсат болашаққа бағдар: рухани жаңғыруда еліміздің тарихы мен мәдениетінің жаңа бір рухани кезеңге көтерілуге септігін тигізу екендігін айтып өтты. 

IMG_0043 (1).jpg 

Жазушы Қабдеш Жұмаділов екі тарихшы да тың деректерімен қазақ тарихын толықтыратып, кемелдендіре түсуге өз еңбектерін сіңіргенін айып өтсе, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Талас Омарбеков:  «Нығмет Мыңжанның «Қазақтың қысқаша тарихы» деген кітапбына таң қалдым.  94 жылы Жалын баспасынан шыққан. Менде екі нұсқасы тұр. Қарай-қарай қазір менің қолымдағы кітап тозып жүн болып кеткен. Бұл кітап бізге қазақтың тарихын қалай жазу керектігін көрсетіп отыр. Қазақтың тарихын орысқа еліктеп емес, арап-парсыға еліктеп емес, іргеміздегі қытайдың жылнамаларына сүйеніп жазу керек. Сосын дәстүрге сүйеніп жазу керек. Шежіре, қазақтың этникалық тұрмысы, дәстүр-салтын, фольклор, ауыз әдебиетін  басшылыққа алып жазу керек,» десе, тарихшы Нәбижан Мұхаметханұлы: «Зардықан Қинаятұлының бұл еңбегінің ішінде көптеген теориялық-методолгиялық мәселелер бар. Әсіресе көшпенділер мемлекеті туралы европалық ғалымдардың көзғарасына тойтарыс жасайды. Демек біздің қазіргі тарих ғылымында европа ғалымдарының көзқарасына тойтарыс жасайтын еңбектер көп емес, ал солардың бірі және бірегейі Зардықан Қинаятұлының еңбегі. Сонымен бірге, көшпенділер тарихын қалай зерттеу керек? Қазақ тарихын қалай зерттеу керек? Қандай методологиялық мәселелер бар?» дегенді жүйелеп кеткенін айтып өтті. Жазушы, филология ғылымдарының докторы Тұрсын Жұртпай аталған екі тарихшы қазақ тарихының ойлау жүйесіне өзгеріс енгізгенін айтып, «осы кісілердің еңбектері қазақ тарихында, қазақ тарихының энциклопедиялық еңбектері ретінде қалуға алдағы уақытта да үлес қосу керек» деген пікірін білдірді. 

IMG_0082.jpg

Осы кітаптарды шығарған және тұсау кесерді ұйымдастырған «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбекұлы «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігін Тәуелсіздің ала салғанда елге оралған 25 пен 30 жастың арасындағы жігіттерден құралып, 2009 жылдан бастап заңды тіркеліп, қандастар мәселесінде заңдық, құқықтық жақтан көмек көрсетіп келе жатқандарын айта келе: «Нығмет Мыңжанидың «Таңдамлы мақалалаы» мен Зардыхан Қинаятұлының «Тарихқа көзқарас» кітапбі мың данадан шығып, қалың оқырмағанға жол тартып отыр. Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында осы кітаптарды дайындап, редакциалаған Нәбижан ағамызға рақмет. Біздің осы кітаптардың таңдағандағы себеп Нығмет Мыңжани мен Зардықан Қинаятұлы бүкіл өмірін халыққа арнаған ғалымдар. Осы кісілердің өмірі де шығармашылығы да жастарға өнеге болады деп осы екі кітапқа тоқталғанбыз. Бұл мақсатымыздан шықтық деп ойлаймыз» деп кітаптардың шығуына және таныстырлымының өтуіне атсалысқан барша азаматтарға алғысын білдірді.   

IMG_0095.jpg

«Найман хандығы: тарихы және мәдениеті ХІІ-ХІХ ғғ.» атты кітаптың шығуына қаржылық демеуші болған кәсіпкер Сабыржан Мұхаметханұлы:  «ХІ-ХІІІ ғасырларда Алтай, Ханғай аралығында салтанат құрған Найман хандығының тарихы мен мәдениетінің құнды мұраларын зерттеуге арналған алғашқы монография. Зерттеу желісі қазақтың найман тайпасының ХІХ ғасырға дейінгі тарихи оқиғасын қамтиды. Монографияда Найман хандығының саяси құрылымы, этнодемографиясы, наным-сенімі, мәдениеті, шаруашылығы мен тұрмыс салты жан-жақты талданған. Автор жан-жақты зерттеулер арқылы қазақ мемлекеттiлiгiне найман хандығының қосқан үлесiн нақты дәйектер арқылы көрсетiп бередi. Найман хандығы тек қазақ  мемлекетiнеде ғана емес ХІІ гасырларда монгол үстiртiн меккендеген тайпалардын iшiнен ен алғаш болып жазу қолданып мемлекет басқарудың  алғашқы жүйелерiн жасап моңғұлдардың өздерiне жазумен басқаруды үйретiп кеткен. Сондықтан бұл кiтап ру шежiресi емес, өте жоғары деңгейде жазылган ғылыми кiтап. Мiне, осындай жоғары деңгейдегi ғылыми кiтап болумен қатар, осындай үлкен монографияны жазу екiнiң бiрiнiң қолынан келмейдi. Автор ағамыз озi маған "40 жылдык iзденiсiм жатыр, ақтармағандарым қалмады, толық қамтылды.  Осы кiтаптан соң Найман хандыңы туралы жазатын коп ештенге калмайды" дегеніндей екен. Мiне,  осындай құнды кiтапты неге шығармасқа? Кiтапты шығаруымдағы екiншi тағы бiр себеп, тарих зерттеушiлер мен галымдарға осы кiтаптағы құнды материалдарды пайдалыуына септiгi тисін деумен бiрге, ендi ғана ғылым жолына түсiп ғалым болам деп аңсап жүрген жастарға Зардықан Қинаят ағасынан зерттеу методикасын, жолдарын үйренсiн деген оймен шығарып отырмын. Зардықан аға ғылыми зереттеу жолында өте жапакеш, қатал, принципшыл, барлығын нақты факты мен көрсетедi, еш уақытта сезiмге берiлмей турашыл прициппен жазады. мiне ағанын осындай қасиеттерi кейiнгi жастарга үлгi болсын деп шығарып отырган жәйім бар. Бұл кiтап Елбасы Н.А.Назарбаевтын "болашакка бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын қолдау мақсатында жарыққа шықты. «Мерей» баспасынан 3000 дана шығардық. Алдағы уақытта осы кітаптарды сатып, түскен қаржыға орысшасын шығарып, қалған ақшаны қаламақы ретінде Зардықан ағаның отбасына табыс етсем деймін» деп  осы кiтапқа қызығушылдық танытып сатып алам деушiлер болса , jebeu.kz сайтына хабабарласып алуға болатынын айтты.  

IMG_0108.jpg

Тұсау кесерге келген 150-ден астам қонақ, әр кітаптан бір-бірден олжалап, кітап пен тарихшыларымыз туралы ой бөлісіп, келелі кеңес құрып қайтты. «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі мұндай игі шараның бұдан кейін де тоқтап қалмайтынын, қазақ руханиятына әлі талай керекті дүниелерді қосып отыратындарын еске салып өтті. Дәйім, осылай тарихымызды түгендеп, өз тарихымызға өз көзімізбен қарап жүрейік. 


Тұрдыбек Құрметхан

Jebeu.kz

Ел ағалары Қанат Исламның қос құлынына батасын берді
Қытайға бармақшы ҚР азаматтарының назарына

Ұқсас тақырыптар