Қандастардың көші-қон процестерін жеңілдететін заң жобасы таныстырылды

Уақыты: 2019-06-28 Көрлімі: 2072 Сипаттама

ҚР Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көш...

1etnikalikumi.jpeg

27 маусымда ҚР Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.

«Этникалық көші-қон саласына қандай өзгерістер енгізіледі? Біріншіден, қолданыстағы заңнамаға сәйкес этникалық қазақтар оралман мәртебесін алу үшін Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанға дейін шет мемлекеттің аумағында тұру фактісін растау қажет. Іс жүзінде, 1991 жылдан кейін туған этникалық қазақтар мұндай құжаттарды бере алмайды. Осыған байланысты, «оралман» ұғымын жаңа редакцияда жазу ұсынылады. Оған сәйкес, этникалық қазақ бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмауы негізгі критерийі болады. Екіншіден, Қазақстанда уақытша және тұрақты тұруға рұқсат берудің қолданыстағы тәртібіне сәйкес, этникалық қазақтар алдымен ықтиярхат алуға, содан кейін жеңілдетілген тәртіппен ҚР азаматтығын алу үшін кезең-кезеңмен ішкі істер органдарына жүгінеді. Осыған орай, оралмандар үшін қолайлы жағдай жасау үшін, сондай-ақ өткізілетін құжаттардың тізбесі қайталануына байланысты, өзі ниет білдірген өтініш берушінің тұрақты тұруға рұқсатты және Қазақстан азаматтығын алу үшін құжаттарды бір мезгілде беру мүмкіндігін заңнамалық тұрғыдан көздеу ұсынылады», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов. 

Вице министрдің айтуынша, заң жобасы Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасын және оны Іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында әзірленді. Осы орайда, Қазақстан Республикасына келетін этникалық репатрианттар мен қоныс аударушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау; ел экономикасының қажеттілігін  қамтитын жағымды инвестициялық климат құруға бағытталған сыртқы еңбек көші-қонының тиімді жүйесін құру; озық халықаралық тәжірибені ескере отырып, көші-қон процестерін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық базаны кеңейту және заңсыз көші-қонның жолын кесу ескерілген. 

Бұл тұрғыда заң жобасында Қазақстанның 3 Кодексі мен 8 Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Ең көп өзгерістер Салық кодексіне, Азаматтық туралы заңға және Халықтың көші-қон туралы заңға енгізіледі.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Нұр-Сұлтан қаласында «ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықаралық өнер фестивалі өтеді
    "Қандастарға берілген мүмкіндікті жіберіп алмауды ескертеміз"