Нұр-Сұлтан қаласында «ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықаралық өнер фестивалі өтеді

Уақыты: 2019-06-26 Көрлімі: 1714 Сипаттама

Елбасы, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлы...

CB3FC6F5-EBE0-428A-B9C1-DA287087E2C9.jpeg

Елбасы, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық бағдарламасында  - «Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған» ұлттық мәдениетіміздің  насихатталу ролін ерекше атап өтеді.

«ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықаралық өнер фестивалі Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен жыл сайын өткізілетін іс-шара. 

2019 жылдың 6 шілдесінде Жетісу саябағында, Қазақстанның Астана күні мерекесінің щеңберінде,  шетелде тұратын қандастарымыздың қатысуымен  "Open air" форматында  «ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықаралық өнер фестивалі  өтеді.

Әлемнің 43 елінде 5 млн. астам этникалық қазақтар өмір сүреді, олардың көпшілігі Қазақстанмен шекаралас елдерде тұрады: Өзбекстан (900 мың адам), Қытай (1,5 млн. адам), Ресей (800 мың адам), Түркіменстан (65 мың адам), Моңғолия (142 мың адам) және Қырғызстан (33 тыс. адам.). Сонымен қатар, этникалық қазақтар Түркия, Тәжікстан, Иран, Ауғанстан және Батыс Еуропа елдерінде тұрады.

Шетелде тұратын отандастардың қатысуымен өнер фестивалі  отандастардың шығармашылық және білім әлеуетін арттыру, маңызды мәселелерді талқылау, қазақ диаспорасына ана тілі мен мәдени құндылықтарды зерделеуде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету, талантты орындаушыларды анықтау және қолдау, ынтымақтастық пен келісім дәстүрлеріне сай келетін музыкалық мәдениет пен өнерді дамыту, ұлттық өнерді өзара байыту, өскелең ұрпақты толеранттылық пен достық рухында тәрбиелеу, тарихи тағдырлар мен мүдделердің ортақтығын түсінуді қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Фестивальда 4 номинация бойынша байқау ұйымдастырылады:

а) Мүшайра номинациясы: 

- ақынның конкурсқа ұсынған туындысы бұрын жарияланбаған болуы тиіс. Туындының көлеміне шектеу қойылмайды;

- ақын «Қазақ Елі», «Нұр-Сұлтан», «Халық мұрасы» тақырыптарына арналған 3 туындысымен қатысуы тиіс.

б) Терме номинациясы: 

- аспапты жоғары деңгейде еркін меңгеру;

- тақырыптық шектеулер қойылмайды;

- 2 туынды орындалады.

в) Халықтық-қолданбалы өнер номинациясы: 

- конкурста авторлық бұйымды ұсыну, бұйымдарды дайындау бойынша шеберлік сыныптарын өткізу;

- бұйымдар, кәдесыйлар заманауи, тұрмыста пайдалануға қарастырылған болуы тиіс;

-  бұйымдар қазақ халқының мәдениетін, дәстүрін және тұрмысын бейнелеуі тиіс;

- ұсынылатын бұйымдар саны шектелмеген.

г) Соло вокал (ұлттық әндер) номинациясы: 

- ұлттық ән айту нақышын сақтау;

- музыкалық материалды Фестивальдың тақырыбына сәйкес таңдау.

Ұлы Жібек жолының урбанизация үрдісінде көптеген ерте қалалық және ауылдық елді мекендерде кеңейту және нығайту жүріп, олардың төңірегінде сауда-қолөнер орталықтары пайда болып жатты. Осы күнге дейін сақталып қалған әстүрлі қолөнердің түрлеріне кесте, тоқу, киіз басу, құрақ құрау, сазбен жұмыс жасау ісі, ағашты ою және т.б. жатады. Қазіргі кезде, олардың барлығы әртүрлі деңгейде сақталып, дамып келе жатыр.

Жетісу саябағында "Open air" форматында өтетін фестивальда  қатысушылардың марапатталуы, фестиваль лауреаттары мен жеңімпаздарының және қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін Гала-концерттің өтуімен жалғасатын мерекелік бағдарлама қарастырылған. Фестивальдың басты назары, «Шарын» шатқалының әсем көрінісі жанында орналасқан үлкен сахнада фестиваль қатысушыларының орындауында ең үздік музыкалық композициялар орындалады. Саябақ аумағында 10 киіз үйден тұратын этноауыл, келушілердің қолөнер шеберлерінің жұмыс жасау барысымен таныса алатын, ұлттық қолөнер сабақтарына қатыса алатын, этно-өнімдерді сатуға арналған көрме-жәрмеңке шығыс базары орын алады және суретке түсу аймағы да ұйымдастырылған.

Фестиваль қатысушылары мен қонақтарының қазақ халқының рухани мәдениті мен ұлттық құндылықтарын көріп сезіну мүмкіндіктері болады.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары шілденің 6 күні Сіздерді «ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықаралық өнер фестивалінің таңқаларлық мерекесінде күтеміз!

Дереккөз: "Отандастар" қорының Баспасөз қызметі


Пікір жазу
  • «Атамекен» ҰҚП Басқарма төрағасы Жебеудің басшыларын қабылдады
    Қандастардың көші-қон процестерін жеңілдететін заң жобасы таныстырылды