"Отандастар" қоры ЕҰУ-де шетелдік қандастарымызға арналған дайындық курс түлектерімен кездесті

Уақыты: 2019-06-11 Көрлімі: 1039 Сипаттама

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Отандастар Қоры» және Дүниежүзі...

62988708_149209312867057_3666408719245115392_o.jpgЛ.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Отандастар Қоры» және Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен «Zerdeli» ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен, ЕҰУ шетелдік қандастарымызға арналған дайындық курс түлектеріне арналған іс-шара өтті, деп қордың фейзбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлаймыз.
Шарада ҰБТ жайлы, грант бөліну мәселесі, болашақ студенттердің әлеуметтік және азаматтық алу мәселелері жайлы кең мағлұматтар және жастарды толғандырған сауалдарға жауап берілді.
Халықаралық бағдарламалар орталығы мен Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының шетелде тұратын қазақ балаларын білім гранттарымен қамтамасыз ету жөніндегі меморандум аясында шетелдік қандастарымызға тегін оқу гранттары бөлініп отыр. 
Кездесуде 30 сәуірде өткен басқосудағы көтерілген мәселелердің шешімі айтылды. Студенттердің басты мәселелерінің бірі медициналық сақтандыру болатын. Бағасы қымбат, пайдасы аз. Ол мәселе университет пен аурухананың келісім шартына студенттің паспортындағы ұлты қазақ деп дәлелденген мөрінің негізін енгізе отыра тегін қаралуына мүмкіндігі бар. Екінші мәселе, азаматтық алуда қажет ететін тұрақты тіркеу. Жатақхана университет меншігінде болғандықтан университет басшысының рұқсатымен студент тұрақты тіркеуге а алынатын болды.
ҚР-ның жалпы грантының 4% шамамен 1500 орын этникалық қазақтар үшін бөлінгендігі, Степендиялық бағдарлама бойынша бакалавриатқа 25, магистратураға 125, PHD докторантураға 10 мемлекеттік грантын иелену жолдары түсіндірілді. 
Студенттердің алдағы келе жатқан сынағы бойынша «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығы мамандық таңдау және ҰБТ туралы мотивациялық баяндама жасады.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • «Отандастар Қоры» КЕАҚ жанынан Қоғамдық комиссия құрылды
    Талғат Адуов: «Қазақ куәлігі» шетелдегі қандастарға берілетін мүмкіндік