Нұр-Сұлтанда «Қасиетті қазақ елі» халықаралық фестивалі өтеді

Уақыты: 2019-03-28 Көрлімі: 1110 Сипаттама

Айтулы мәдени шара отандық және шетелдік қандастарымыздың қатысуымен қала күніне орай...

e514e91148562d5f82a8fdd4264970fc.JPG

Айтулы мәдени шара отандық және шетелдік қандастарымыздың қатысуымен қала күніне орай ұйымдастырылады, деп ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап хабарлаймыз.

«Елорда күні қарсаңында «Отандастар» қорымен бірлесіп «Қасиетті қазақ елі» халықаралық фестивалін ұйымдастырамыз. Сонымен қатар, қазақ қолданбалы өнерін дамытуға және насихаттауға арналған «Қазақ сәні» іс-шарасы өткізіледі», - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов «Отандастар» қорымен өзара ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қою барысында.

Мәдени шараның мақсаты - қандастарымыздың шығармашылық және білім потенциалын арттыру. Ана тілі мен ұлттық құндылықтарды игеруі тұрғысында шетелдегі қазақ диаспораларына әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету. 

«Бұл фестиваль бірнеше бағыттан тұрады. Яғни, өнер жанрына қарай мүшәйра, терме, би, ән айту және қолөнер бойынша өтеді. Фестиваль бас қаладан бөлек еліміздің басқа өңірлерінде де ұйымдастырылады, одан шыққан жеңімпаздар елордада өтетін қорытынды фестивальде өнер көрсетеді. Яғни, Нұр-Сұлтанға барлық өңірден үздік өнерпаздар жиналып, үлкен гала-концерт ұйымдастырылады. Одан бөлек, аты айтып тұрғандай халықаралық болғандықтан, алыс-жақын елдерден қандас бауырларымыз да шақырылады. Атап айтқанда Ресей, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан және тағы басқа елдер бар», - деді «Отандастар» қорының мәдени-гуманитарлық жобалар департаментінің басқарушы директоры Әлия Әбелдинова.  

Айта кетсек, бүгін елорда әкімі Бақыт Сұлтанов пен «Отандастар» қорының президенті Нұртай Әбіқаев екіжақты ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойды. Оның аясында елордаға көшіп келген этникалық қандастарымызға қолдау көрсетумен қатар, оларға арналған білім беру, мәдени және спорт, бизнесті қолдау салалары бойынша бірлескін іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Қапалда «Атамекенге ақ шашу» атты аламан бәйге өтті
    «Тарихи отанына оралған қандастармыз мәселесі мен миграциялық саясат» туралы жұмыс тобы құрылды