Нұртай Әбіқаев: Барша отандастарымызды тарихи отан төңірегінде бірлесуге шақырамыз!

Уақыты: 2019-02-12 Көрлімі: 1461 Сипаттама

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған "Отандастар" қорының фейзбуктег...

photo_72707.jpg

 "Отандастар" қорының Перезиденті Нұртай Әбіқаев фейзбуктегі Otandastar Qory  парақшасында қандастарға  үндеу тастады: 

Құрметті отандастар,

Дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен елге оралған және шетелде тұратын қандастарымызды қолдауға бағытталған «Отандастар» Қоры құрылғаны баршаңызға аян.

Қор жұмысын басқаруды мемлекет басшысы маған сеніп тапсырды. Ендеше, жүктелген міндет пен үмітті ақтауға асықпын. Қызметіміз Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен тығыз байланысқа негізделгендігін осы ретте айта кету керек.

Бүгін біз Қор дамуының болашақ бағыттарын анықтадық. Осы тұста отандастарымызға кешенді әрі жан-жақты көмек көрсету жүйесін құруға басымдық беріп отырмыз. Алдағы уақытта қызметіміздің барлық дерлік салаларын қамтитын заңнаманы жетілдіру, елге оралған және шетелде тұратын қандастарымыздың мәселелерін зерттеу мен бірлесіп шешуге бағытталған диалог алаңдарын құру, отандастарымыздың бастамалары мен бизнес-жобаларын қолдау, мәдени және білім шараларын өткізу бойынша үлкен жұмыс жүргізбек ниеттеміз.

Барша отандастарымызды тарихи отан төңірегінде бірлесуге, ортақ мүдде тұрғысында берік ынтымақтастық құруға шақырамыз!


Құрметпен, "Отандастар" Қоры Президенті Нұртай Әбіқаев


Jebeu.kz





Пікір жазу
  • Бізді "сатып алған" Қытай президентімізді де "сатып алса" не істейсіз?
    Айдос Сарым: Қазақ көші тұралап қалды