Ақордада Қазақстан азаматтығын алу мәселесі талқыланды

Уақыты: 2018-11-22 Көрлімі: 748 Сипаттама

21 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төр...

Снимок.JPG

21 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Комиссияның кезекті отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, ҚР Ішкі істер Министрі, "Отандастар" қорының төрағасы қатысып, Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығу мәселелері қарастырылды.

Мемлекеттік хатшы Тәуелсіздік жылдарында 1 миллионнан астам адам біздің елдің азаматтығын алғанын айтты.

Г.Әбдіқалықова осынша адамның азаматтық алуы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы басшылығының және биылғы жолдауда айтылғандай, «экономикасы қарқынды дамып келе жатқан прогрессивті заманауи мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуіміздің» арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

Гүлшара Әбдіқалықова Тұңғыш Президент күні қарсаңында азаматтық алған жаңа отандастарымызға бақ-береке мен табыс тілеп, олардың егемен еліміздің дамуына өз үлес қосатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ, жиында Ішкі істер министрлігінің азаматтық мәселелер жөніндегі жұмысының нәтижелері талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша комиссия тиісті шешімдер мен ұсыныстар қабылдады.

Jebeu.kz



Пікір жазу
  • «Елбасы жолдауы – ел дамуының кепілі» атты дөңгелек үстел өтеді
    Бекболат Тілеухан азаматтық ала алмай жүрген оралмандар мәселесін көтерді