"Оралман мәртебесі өтіп кеткен қандастардың ҚР азаматтығын алу мүмкіндігі қарастырылған"

Уақыты: 2018-10-24 Көрлімі: 3998 Сипаттама

«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі 29 тамызда Оралман куәлігінің уақыты өтіп к...

pasport.jpg

 «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі 29 тамызда Оралман куәлігінің уақыты өтіп кетуіне байланысты ҚР азаматтығына құжат тапсыра алмай жүрген қандастарға жеңілдетілген тәртіппен ҚР азаматтығын алуына көмектесуін өтініп, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мен ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевқа және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханға хат жазған болатын.

2018 жылдың 18 тамызында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, Әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті осы хатқа жауап беріп, минсистрлік тарапынан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан республикасы Заңының жобасына тұжырымдама әзілгенгенін, осы тұжырымдамада барлық этникалық қазақтардың, сонымен бірге оралман мәртебесі өтіп кеткен этикалық қазақтардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу мүмкіндігі қарастырылғанын хабарлады.

Хатта «осы тұжырымдаманың екінші бөлімімен Қазақстан Республикасына келген этикалық репатиранттар және қоныс аударушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау нормалары қарастырылып, соның ішінде бөлімінің 5-тармағымен, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-1 – бабаы 1- тармағына сәйкес «тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын оралмандар» редакциясын, оралман мәртебесіне тәуелсіз этникалық қазақтарға Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен қабылдау туралы редакциясы қарасытырлығанын қосымша хабарлаймыз», деп аталған тұжырымдаманың қазіргі уақытта ҚР Әділет министрлігіне келісуге жолданғаны жазылған.

Оралман куәлік1.jpg

Оралман куәлік2.jpg

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Қытайдағы қазақтардың жағдайы: үміт пен күдік, айтыс пен тартыс, кімге сеніп, кімге арқа сүйейміз?
    Демограф: “10 жылдан кейін қазақтардың үлесі 80 пайызға жетеді”