Жығылып жатып жұдырық жеген қандастардың мәселесі шешім таба ма?

Уақыты: 2018-08-16 Көрлімі: 2661 Сипаттама

15 тамыз күні «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінінің «Отан оттан да ыстық» жоба...



IMG_4306.JPG

15 тамыз күні «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінінің «Отан оттан да ыстық» жобасының аясында қандастармен кездесу өтті. «Алматы жастары» орталығында өткен кездесуге түрлі құжаттық қиындықтарға ұшыраған  қандастар жиналған.

Кездесуде  «Адырна» бірлестігінің жетекшісі Арман Әубәкір, «Ақ Жүніс» журналының редакторы Сәуле Әбілдаханқызы, «Қандастар» сайтының жуналисты Құрметолла Мұхаметханұлы қатарлы жуналистер қандастардың шағымын тыңдап, мәселенің шешу жолдарын көрсетіп кеңестер берді. Жиын соңында қандастардың құзырлы орындарға жазған арызын қабылдап алды.

IMG_4318.JPG

Келген отызға жуық қандастың бірінің Оралман куәлігінің уақыты өтіп кетсе, енді бірінің Қазақстанда тұру визасының уақыты өтіп кеткен, тағы бірі бүкіл құжаттарының уақыты өтіп ешқайда тіркеусіз жүргенін айтты. Кей қандастар ҚР азаматтығына құжаттарын өткізгенімен 7, 8 айдан бері азаматтығының шықпай жатқанын айтса, енді біреулері Қытайға барып қайта алмай жатқан отбасы мүшелеріне сұрау салып келіпті. Тіпті арасында әке-шешісі ҚР азаматтығын алған кезде баласы қалып қойып, енді баласын ҚР азаматтығына өткізе алмай жүргендері де бар екен. Осындай сан-алуан сұрақтармен келген қандастардың мәселесін өз сөздері бойынша жеткізейік.

IMG_4321.JPG

Ұлзира Сағатайқызы: Менің атым Ұлзира. 1997 жылы Қытайда туғам. 2016 жылы Қазақстанға келіп, Таразға оқуға түстім. 2017 жылы әке-шешем, інім мен сіңілім төртеуі Қазақстанға келді. Қытайда үлкен әпкем қалған. Ол кісіні тұрысқа бермекші еді. Сол себепті 2017 жылдың қараша айында әке-шешем мен сіңілім Қытайдағы шаруларды бітіріп, қайта бір жола келмекке Қытайға кетті де інімді тастап кетті. Інім сөйлей алмайды, құлағы естімейді. Інімді Алматыдағы мүмкіндікі шектеулі балаларға арналған техникалық колледжде оқытып жатырмыз. Әке-шешем барған соң 2017 жылдың желтоқсан айында әкемді «Саяси үйрену орталығына» алып кетті. Әкем қазір «Саяси үйрену» орталығында. Ол жақта шешем мен сіңілім қарусыз. Мұнда інімді қарау үшін мен былтырдан бері Тараздағы оқуымнан қол үздім. Қазір ініме қарап жатырмын. ҚР азматтығын алып әке-шешемді шақырайын десем, Оралман куәлігімнің уақыты өтіп кеткен. Қазір азаматтыққа құжат тапсыра алмай жүрмін. Алматыда жұмыс істеп, ініме өзім көмектесіп жүрмін. Қытайдағы әке-шешемнен ешқандай көмек келмейді. Құжаттық жағынан да, қаржылық жағынан да қиындыққа душар болып тұрмыз.

 IMG_4310.JPG

Тұрысқазы Мақпал: Мен ҚХР Сауан ауданынан келгенмін. Жасым отызда. Қазіргі келген себебім Қытай паспортымның уақыты бітіп кеткеніне бір ай болды. Мен 2012 жылы келгенмін. Сол кезде азаматтыққа өтейін десем, «Сотталмады» деген анықтама әкел деді. Оны әкелем деп жүргенде «Оралман» куәлігінің уақыты өтіп кетті. Сонда қазір Қытай паспортым мен визамның уақыты өткен, тұрақты тіркеуім жоқ. Екі қызым бар. Бірі Қытайда, бірі осында туған. Қытайда туған балам екеуіміздің құжаттарымызды бітіре алмай сандалып жүргеніміе 2 жыл болды. Өзім жасай алмаған соң бір делдалға бердім 7 ай ұстады, одан біреуіне бердім 6 ай ұстады.

Ақихат Ахметқажы: Мен ҚХР ШУАР Шонжы ауданынан келдім. Қазір Алматы облысы Көксу ауданында тұрамын. Оралман куәлігімнің уақыты өтіп кетіп кеткеніне 6 жылға таяу болды. Сол себептен ҚР азаматтығына құжаттарымды қабылдамай жатыр. Енді сол Оралман куәлігімді қалай жасатам, қалай азаматтық алам деп сіздерден кеңес сұрап келдім.

IMG_4316.JPG

Ытымақ Айбота: Менің атым Айбота. Алматыда Абылай хан атындағы Халықаталық тілер университетінде оқимын. Шешем мен сіңілім Қытайда. ҚХР азматтығын алалмай жүрмін. Менің қазір Қазақстанда тұру визамның уақыты өтіп кеткен. Өткен жылы ҚХР пспортын жоғалытып, Қытай консулынан қайта жасаттым. Бірақ, Қытайға барып ҚР визасын алуға қазіргі Қытайдағы жағдайға байланысты бара алмадым. Былтырдан бері визасыз жүргендіктен азаматтыққа өткізуге ешкім құжатымды қабылдамайды.


Ендігі бір кейіпкеріміздің мәселесі тіпті басқа. Өскеменде тұратын інісінің баласын ертіп келген кісіні аңгімесі тіпті басқа: « Бұл менің інімнің баласы Елтай Еркінбек. Інім обасымен 2006 жылы көшіп келген, 2007 жылы азаматтық алды. Әке-шешесі азаматтық алған кезде бұл бала 7,8 жаста, кейін азаматтық жасқа толғанда шартты түрде жасап береміз деген. Осы арада Ертайдың ҚХР паспорты жоғалып кетекен. 16 жасқа толып азаматтық алайын дегенде паспорт жоқ болғандықтан қытай пасорты қайта жасатыңдар деді. Ары бері шауып жүріп, Осы жылдың ақпан айында Қытай консулынан бір жылдық паспорт жасаттық. Оны әкеліп азаматтыққа өткізейік десек, бұл паспорт жарамайды, бұл паспортпен Қытайға бір барып келу керек дейді. Қытайға барса қазіргі жағдайда келуі де қиын»,- деп әлдеқашан ата-анасы ҚР азаматтығын алған баланың, азаматтық жасқа толғанда құжат аламай жүргенін жеткізді.

IMG_4315.JPG

Мұнда жиналған қырыққа таяу адамның бесеуінің жағдайын өз ауызымен баяндадық. Ол кісілердің ортақ мәселелері Қытайдағы жағдайға байланысты бөлініп жарылған отбасылар. ҚР азаматтығының кешігіуі. Студенттердің жатақханаға тіркеліп, ҚР азаматтығын ала алмауы және ҚР визасының уақыты өтуі және Оралман куәлігінің уақыты өтуі.

Қазіргі кезде Қытайдағы қандастардың жағдайы белгілі, ал мұнда  жығылғанға жұжырық дегендей мұнда келген қазақ уағында ҚР азаматтығын ала алмай жатыр. Естеріңізде болса 2013 жылдың соңында Көші-қон туралы заңға өзгеріс еніп, шетелден келген қазақтар елге келген соң тек 4 жылдан кейін ғана азаматтық алатын шектеу қойылып, азаматтық алу үшін «Сотталмады» деген анықтама мен келеген елінен Шығу парағын әкелуді міндеттеген. Бұл құжаттар Қытайдан келетін қандастарға берілмейтіндіктен сол кезде Қытайдан келген қандастардың азаматтық алуы қиынға түскен.  Осыдан кейін халық пен зиялы қауымның наразылығынан 2015 жылы қандастардың азаматтығын аулын жеңілдететін тағы заң жобасы жасалған. Сол заңда Оралман куәлігінің уақытын тек бір жылға беру туралы белгілеме шығады. Біарқ, бұл заңда оған дейінгі Оралман куәлігін алып ҚР азаматтығын ала алмаған, 2013 жылғы заңның зардабын көрген қандастардың жағдайы мүлде ескерілмеген. Ол заңда Оралман куәлік алған азаматтыың тезірек ҚР азаматтығына өтуін қарастырған мен біздегі өзгеде құжаттық кедергілер мен кей орындардағы сыбайлас жемқорлыққа байланысты Көші-қон полиция жұмысының салғырттығы ешкімнің ойына кірмесе керек. Тіпті «Сотталмады» деген анықтаманы талап ету 2017 жылығы өткен Дүниежүзі қазақтарының 5 құрылтайына дейін күшін жоймады. Арада жыл өтпей жатып, 2015 жылғы заңға енген өзгерістің осындай олқылықтары шыға бастады. 2018 жылы тағы Көші-қон заңына өзгеріс енді. Қоғам белсенділері мен қоғамдық ұйымдар Оралман куәлігінің уақытын ұзатру мәселесін жүйелендіру туралы ұсыныстарын берді. Тіпті осы бір Оралман деген атаудың өзін қолданыстан шығару туралы да ұсыныстар қойылды. Бірақ бұл талаптар да оншалықты қанағаттана қоймады. Тек Оралман куәлігінің уақыты өткеніне 6 айдан аспайтын қандастардың куәләгі үш айға ғана ұзартыладытын болды. Осылайша үкімет өзі жасаған бір-біріне кереғар заңдардан зардап көрген ағайынның мәселесін қараусыз қалдырды.

IMG_4320.JPG

Бұл кездесудің соңында адырналықтар қанадстардың арыз-шағамын жинап алып, Көші-қон басқармасына, ҚР Парламентіне өткізетіндерін айтты. Бұл мәселе тек бір адырнаның ұсынысымен біте қоймас. Сондықтан ендігі кезекте қандастарымыз азаматтық ала алмай қиналмау үшін Көші-қон полициясының жұмысын қоғам болып қадағалап, қандастардың қалтасын қағуға жұмыс істеуден тиса деймін. Сонымен бірге, Оралман куәлігінің мәселесін бір жақты еткуі керек. Не бір жола «Оралман» атауын күшінен қалдыу болмаса бұған дейінгі «Оралман» куәлігінің уақыты өткен қандастардың бәріне рақымшылық жасап, уақытын бір рет ұзартып беруі тиіс. Осы мәселені жан-жақты көтеру керек деп ойлаймын.


Тұрдыбек ҚҰРМЕТХАН 

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Қ. Әбдірахманов: Сайрагүлдің бостандығы екі елдің қарым-қатынасына ешқандай салқынын тигізбейді
    Қытайдың қатысты министрлері мен мекемелеріне Қазақстандық делегация қойған сұрактар