ШҚО-да Құнанбай музейінің құрылысы басталды

Уақыты: 2020-05-08 Көрлімі: 1552 Сипаттама

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында бой көтеретін Құнанбай музейінің құрылысы баста...

200508141721544e.jpg

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында бой көтеретін Құнанбай музейінің құрылысы басталды. Бұл жайлы аймақ басшысы Даниал Ахметов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Құрметті достар, бүгін жұмыс сапарымен Абай ауданында болдым. Абай Құнанбаев туған жеріндегі "Сырт Қасқабұлақ" стелласы құрылысымен таныстым. Жұмыстың бірінші кезеңі орындалды. Қазір халқымыздың ұлы баласының жолы басталған мекен – мәңгілік бұлақты абаттандыру міндеті тұр.

Сондай-ақ, Ақшоқыда Құнанбай әулетінің қорымын жаңартылып, мұражай құрылысы басталды. Мұндағы басты міндет - Ұлы Абайдың ата-анасына құрмет көрсету. Музей қазақ халқының дәстүрлі құндылықтары мен ұрпақтарының сабақтастығын сақтау тұрғысынан өте маңызды нысан екенін ерекше атап өткім келеді.

Жидебайдағы мемориалдық кешенде де ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Біз оны түбегейлі жаңартсақ та, тарихи, сәулеттік келбетін сақтаймыз. Абаттандырып, жарықтандыру жүргіземіз. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Абайдың 175 жылдығын тойлау біздің дәстүрімізге деген құрмет көрсету, сонымен қатар прагматизмді сақтау. Яғни, барлық іс адамдардың мүдделеріне жауап беруі тиіс. Сондықтан мұнда халық ақынның шығармашылығымен танысып қана қоймай, жақсы демалып, өлке, Отан тарихын зерттеуге мүмкіндік алады.

Шілде айының соңына қарай Қарауыл ауылындағы 300 орындық жаңа мектептің және дала сахнасы орналасатын саябақтың құрылысын аяқтаймыз.
», - деп жазды Д. Ахметов.



Пікір жазу
  • Абай қазақтың бас дәрігері
    Абайдың «Ақтолқын» күйі