ҚАБІЛЕТТІ КАДР-МАМАНДАР ҒАНА ҚАҒИДА-ЕРЕЖЕНІ ҚАЛТ ЖІБЕРМЕЙДІ!!!

Уақыты: 2021-05-18 Көрлімі: 413 Сипаттама

Ел өркениетінің өресін арттырып, қандайда бір келеңсіздіктердің алдын алып болдырмайтын және адамдардың қажеттілігін заң аясында қалт жібермей қолдап қамқорлық таныта білетіндер алған біліміне қабілеті сай кадр мамандар ғана екеніне ешкім күмән келтірмесі...

50c473ce129cdc714afbc8b0a62de5bd.jpg


Ел өркениетінің өресін арттырып, қандайда бір келеңсіздіктердің алдын алып болдырмайтын және адамдардың қажеттілігін заң аясында қалт жібермей қолдап қамқорлық таныта білетіндер алған біліміне қабілеті сай кадр мамандар ғана екеніне ешкім күмән келтірмесі айдан анық... Бұл барлық салада өте маңызды күн тәртібіндегі мәселе. 

Ал арқа сүйер елім бар деп алыс жақын шетелден келген қандас қазақ пен қатар көші-қон үрдіс саясат бағытына қатысты арман қуып көшіп қонып жүргендердің әрбір қылық, қадамы ел ертеңі үшін өте маңызды миграциялық құндылық!!! Яғни сырты бүтін-іші толған түтін, танымы-тынысыңа әсер ете беретін тыңшы-сатқын жандардың жаныңа жайғаса беруіне жайлы жол салып бере беретін негізгі күште осылар. Осы мәселені ащына айтып, жазып көтеріп жүрген жандар қатары көп болсада көңіл бөліп жолын кесер жомарт жандар биліктен көрінбеуі өте өкінішті!!!


    Европа, Батыс елдерін қоса айтпағанда, Өзбекстан, Қытай, Ресей елінің кейбір өлкесінде бүгіндері өмір сүріп жатқан қазақтар әр заман дәуірінде шекара бөліске түскен кезде арғы бетте қалған байырғы қазақтар. Яғни ата жұртында отырған ағайын қандастарымыз. Оларға соңында қосылғандар ресей империясының халыққа аяусыз салған салығы, орыс ұлт өкілінің,қазақтың адами құқығын таптап өктемдікпен жасаған отарлау саясатына төзбей шетке ауа көшіп бас сауғалап кеткен қазақтар екені тарихи шындық. 

     Бұл туралы тарихи деректерге сүйене жазған ғалымдар еңбегі әлем елдеріне аян. Тарихты оқып түйіндей зерделеп қазақ деген ұлттың қабілеті мен құндылығын құрметтеп тамсана таңырқап жазатындар қатары көп екендігі де содан. ҚАБІЛЕТ-қазақтың басты құндылығының бірегейі. Әр қазақтың қабілет талант, дарынын бағалай оны ортаға оңтайлы бейімдеп аша білгенде ғана қазақ қоғамы қарқынды құндылыққа ие болады. Яғни ұлттық идеология ұлылығын ұлтқа арнайды, қазақ ұлты қасірет шекпейді. Осы ұғымды жүйелі түрде жүзеге асыра алмаса дарынды,қабілетті тұлғаларынан айырылып қала береді. Өйткені қабілетті жан, адами құндылығы бағаланбаса ауа көшуге қарекет жасайтынын өткен заман тарихы өмірде өзі көрсетіп дәлелдегенін көзі ашық көкірегі ояу жандар бәрі біледі және санасында саралайды да қарекет жасайды. Нәтижесінде арқа сүйер ағайын емес адами құндылық қабілетін бағалайтын ел жер іздеп ауа көшетін болады. Осы ауа көшетін қазақ көшін тоқтату қазақ еліне қазақ қоғамына өмір сынағы болып тұрғандай... 

   

    Ал шетелдердегі 7 миллионнан астам қазақтардың өз Отанына тұрақты қоныстануды мақсат еткендерін үлкен қамқорлық қолдау көрсетумен көшіріп алу Қазақстан мемлекетінің атқа мінерлерінің парызы мен міндеті десекте болады. 1991 жылдан бастау алған қандастар көшіне Елбасы, ҚР-ы тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастама игі іс бағдарламалары үлкен қолдау көрсетті. Енді осы қолдаулардың кейбір тұстары не үшін жүзеге аспай қалғанына тоқталайық: 

  БІРІНШІДЕН,Қазақ елі егемендік алған кезде әр деңгейдегі билік өкілдері арасында ғасырларға жалғасқан орыстардың отаршыл саясат ағымынан шыға алмай, өз қазағына сенім артып қолдау көрсете алмағандар қиянаты. Олар басқа ұлт өкіліне көбірек сенім артты. Бұл үрдіс әліде жалғасып келе жатқаны да өтірік емес екені өкінішті... 

    

   ЕКІНШІДЕН, Келген ағайындар он жылға дейін Қазақстан Республикасының азаматығын ала алмай біраз игіліктерге қол жеткізу мүмкіндігі болмады. Қолдаудан гөрі қолпаштап көңіл бөлу көбірек болды десек дұрыс болар. Қайта қарапайым халық елжұрттың қолдау-қамқорлығы әсерлі болғаны да рас. Ұлтына деген сүйіспеншілігі, рухы мықты әкімдер, басқарма басшылары азаматтық парызы ретінде қазақ көшінінің көркін арттырғаныда рас. Деседе қоғам ана тілімізде сөйлемегені көшке кері әсерін тікелей тигізді. Орысша сөйлей алмағандарға қызмет табылмай адами еркіндік, қазақи құндылық қасиет, қабілеті бағаланбады. 

  

    ҮШІНШІДЕН, Білім деңгейі мен қабілеті бағаланбаған қандас ағайындардың біразы келген еліне кері көшті. Ұрпақ қамы үшін көбісі төзім, сабырлық танытып тағдырға көндігіп кетті.  Нақты мысал келтіре айтатын болсақ. Моңғолиядан келген бір кәсіби мықты дәрігер,өлім үстінде қатты ауырып жатқан науқасқа киіз үйде ота жасап жанын алып қалғаны үшін жазаға тартылуға шақ қалғанда басқа облысқа қоныс аударып құтылған екен. Ал дәл осыған ұқсас апатты жағдайда қалған бір азаматқа Япония елінде қытай елінен барған қандас бауырымыз апат орнында ота жасап жанын сақтап қалғаны үшін бүгіндері жапон елінде ел құрметіне бөленген жоғарғы санаттағы дәрігер болып қызмет атқарып жүргені де рас. Жалпы шетелдік деп шеттеле беретін қандастар арасынан АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Корея тағы басқада өркениетті елдерде мықты кәсіп иесі, банкирлер, құрылыс ісін басқарып жүрген жандарды айтпағанда АҚШ-та ақордада мемлекеттік қызметте басшы болып жүрген, шетелде үкімет басшысы қызметін абыроймен атқарып жүргендері де аз емес. Осы жандардың қабілет, білімі Қазақ елінде өз орнын табуына қоғам кінәлі ме?, қандас өзі кінәлі ме? Бұлда бір кем дүние. 


 ТӨРТІНШІДЕН, Қабілетті жандар ғана Қағида, Ережелерді қалт жібермейді. Өкінішке орай кейбір  басшылар өз қол астына кадр таңдау, қызметке қабылдауда таныс-сыбайластыққа жол беріп келе жатқаны қазақ қоғамының өркениетіне кері әсерін тигізуде. Бұл үрдіс келеңсіздіктерді алдын алуға таныстықпен алған кадр мамандардың қабілеті, халыққа қызмет көрсету кезінде дәлел дәйекпен әшкерленіп дау дамай ушығудың, халықтың мемлекет пен үкіметке жергілікті әкімдерге деген сенімі жоғалуының басты себеб түпкі негізін қалай береді. Наразы халық айқай шуға жол береді. Бұлда өмір шындығы. 


БЕСІНШІДЕН, келген қандастар мен жергілікті халық әсіресе басқа ұлт этностар арасында ұлттық идеология, қазақи құндылық, ұлт ұлағаттылығына қатысты ел ішінде еңселі де жүйелі жұмыс жасалмауында. Халықпен қоян қолтық араласып жұмыс жасау туралы мемлекет басшыларының тапсырмалары көбінесе айтылған жерінде қала береді деуге болады. Айту барда айғақтап жауапкершілік жүктеу жоқтың қасы. Жойылмауының басты себеп кедергісі баяғы сыбайластық-сыбырластықтың басымдылық кесірі. Осы кесір ауа көшетіндерге себепкер болып ұрпақ тағдырына ұлылық көрсете алмауымен қоймай қасірет жолын ашып тұрғанын ашық айтпасқа амалымыз жоқ! 

Сондықтанда қай салада болса да кадр-маман таңдау жүйесін түбегейлі өзгерпесе Қазақ елінің ертеңі болашақ ұрпақ алдында бүгінгі дәуірде ат үстінде жүрген азаматтардың қызметтік міндеті емес адамгершілік ар намыс парызы санасын жаңғыртса екен деп тілегеннен басқа қолдан келер де жоқ...


  АЛТЫНШЫДАН, алыс-жақын шетелден қоныс аударып көшіп келген қандастардың және ішкі көші-қон бойынша оңтүстіктен солтүстікке барып қоныстанып жатқан ағайындар көшін көлікті етіп көркейтетін бірден бір жолы олардың еркін адами құндылық, қабілетіне қарай жаңа ортаға бейімдеп бағыттаған жол ашу. Мүмкіндігінше солтүстіктен бірнеше ауыл, аудан, қалалар ұйымдастыра ашып сол елді мекенге ағайын тумаларымен шоғырландыра орналастыру. Оларға үлкен сенім артып өз өздерін басқарып тұрақтануына қамқорлық қолдау көрсету. Яғни еш қызғаныш, күдік күмәнсіз өз араларынан басшы әкімдерін сайлап алуларына мүмкіндік беру. Іші сырттан өз мүмкіндігі шеңберінде инвецтисия тартуға қолдау көрсету. Бірнеше жылға салықтан жеңілдік беру. Жер үлес мәселесін қысқа мерзімде шешіп беру. Міне сонда ғана олар солтүстікке тұрақты қоныс аударатын болады. Өздерін өз адамдары басқарған соң өкпе наздары да болмайды. Бүгіндері оңтүстікке келіп тұрып жатқан бұрынғы ағайындар олардың үстіне ешкім мәжібүрлемесе де ағыла көшіп барып табысатыны да жаратылыс заңдылығы. 

    Яғни ел Үкіметі де жергілікті әкімдерде көптеген шешімін күткен мәселе, туындай беретін келеңсіздіктерді өздеріне жүктеп шешімін табады. Қазақтың өз ұлтына деген сенімі мен құрметі артады. Ата кәсіп, көптеген салт дәстүр, ғұрпымыз жаңғырып қазақи мұрамыз қалыптасуына себепші болары анық.

    Шетелде туып өскен жандарға олардың қабілет болмысына сана сезіміне басшылық жасап бас қатырғанмен бақуатты өмір орын алмайтынын әлемге аян етіп дәлелдеудің ұлы жолын Қазақ елі ұлағаттылықпен атам жалғастырып келгенін мойындау да жаңа заман талабы дер едім. 

Бұл бақылаусыз, үйлестірусіз, бетімен жіберу деген ұғым емес. Ортаға берекелі бейімдеп белес асырудың мейірімді бастамасы болары анық. 

  Ұлтымыздың ұлағатты ұрпағы, ұлы даламыз, байтақ еліміздің иесі қазағыма Алла тағала ынтымақ, береке бірлік, терең білім, теңеусіз қабілет дарыта берсін! 

Ел ертеңі еңселі болсын десек, сыбайласып-сыбырласып қызмет жасағысы келетіндерге жол бермейік ағайын! 

Ел болашағы ел иесі әр қазақтың қолында екенін ұмытпай айта беруден жалықпайық ағайын! 


Құрметбек Сансызбайұлы,

қазақ көшін зерделеуші. 

18.05.2021 жылы.


Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласына қатысты ой
    ҚАЗАҚСТАН - ҚЫТАЙ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

    Ұқсас тақырыптар