Мәулен Әшімбаев: Әр заң жобасын талқылаған кезде қоғамның пікірін ескеруіміз керек

Уақыты: 2021-01-21 Көрлімі: 101 Сипаттама

Бүгін Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірі...


Бүгін Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Президент белгілеп берген міндеттердің маңызын айтып өтті. 

«Сессияның ашылуында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдардың алдында тұрған негізгі мақсаттарға тоқталып өтті. Олардың бәрі халықтың өмір сүру сапасын жақсартатын, еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретін бастамалар. Осыған байланысты Парламент пен Үкіметке маңызды міндеттер жүктеліп отыр. Жарияланған реформаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Заңдар ең алдымен ұлттық мүддені қорғауға тиіс. Ал ұлттық мүдде дегеніміз – халық пен мемлекеттің мүддесі. Мемлекет басшысы атап өткендей, қоғамды алаңдатқан мәселелер Парламентте талқылануы қажет. Парламент өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналуға тиіс. Сондықтан елмен етене жұмыс істеу – аса маңызды. Әр заң жобасын талқылаған кезде қоғамның пікірін ескеруіміз керек. Сенат жұмысына қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік топтардың өкілдерін, тиісті мамандарды кеңірек тартуымыз қажет. Мұндай қадам заң шығару жұмысының және қабылданып жатқан заңдардың тиімділігін арттыратыны сөзсіз. Алдымызда ауқымды міндеттер тұр»-, деді Мәулен Әшімбаев.




Пікір жазу
  • Расул Жұмалы: Мәжілістің де, мәслихаттың да әжептәуір жасаруы – маңызды
    Дубек ҚАЗЫКЕН: Халықтың 70 пайызы екпе салдырса аурудың таралуын тоқтатуға мүмкіндік бар

    Ұқсас тақырыптар