М. Әшімбаеы: Бүгін сайланған сенаторлар белсенді жұмыс істейді деп сенемін

Уақыты: 2020-08-12 Көрлімі: 1115 Сипаттама

Бүгін елімізде ҚР Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы өтіп жатыр....

462d9e3094962c3113cdd73ad2bfdbf1.jpg

Бүгін елімізде ҚР Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы өтіп жатыр.  Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әр облыстан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қатарлы республикалық маңызы бар қалалардан бір-бірден 17 адам Сенат депутаты болып 3 жылда бір 6 жылға сайланады. Осы орайда ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Facebook-тегі парақшасына сайлау тәртібі туралы жазып, бүгігі сайланған сенаторлардың белсенді жұмыс істейтініне сенім білдірді. 

«Сенат құрамының ішінара жаңаруы үш жылда бір рет жүреді. Бұл ретте Сенаттың жалпы құрамындағы 15 депутатты палатада қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де маңызды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, Мемлекет басшысы тағайындайды. Қазіргі заңнамалық билік жүйесінде Сенат еліміздің барлық өңірінің Парламентінде өкілдік етуді, Мәжіліс құрамын жаңарту кезінде заңнамалық саясаттың сабақтастығын және заң жобаларын сапалы қарауды қамтамасыз етеді. Мәжіліс депутаттарының партиялық тізімдер бойынша және Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатының ескерсек, Сенатта өңірлер мүдделерінің білдірілуі аса маңызды», – дейді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы заң шығарушы билікті ұйымдастырудың қазіргі жүйесі қабылданған заңдарды сапалы пысықтауды қамтамасыз ететінін тілге тиек еткен.

«Қаралатын мәселе жан-жақты әрі терең зерттеліп, заң қабылдау жұмыстары кезең-кезеңмен және қисынды жүргізілуге тиіс. Аталған жұмыстың сапасы мемлекеттік органдардың нормаларына, яғни, тұтас елдің тыныс-тіршілігіне ықпал етеді. Әр қабылданған заңның ондаған мың отбасы мен нақты адамдардың тыныс-тіршілігіне тікелей әсері бар. Осы ретте Парламент Палаталарының жұмысы заң шығару үдерісінің барынша тиімді әрі теңгерімді болуына мүмкіндік береді және Заңдарды елдің, сондай-ақ, әр азаматтың мүддесін ескеріп қабылдауды қамтамасыз етеді», – Мәулен Әшімбаев.

Мұнан бөлек ол қабылданатын заңдар Қазақстан Президентінің бастамаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге тиіс екендігін атап өткен.

«Дамудың жаңа кезеңінде Мемлекет басшысы ұсынған халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және инклюзивті экономикалық өсуге арналған жаңғырту бағдарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл ретте депутаттардың рөлі ерекше. Коронавирус індетімен және оның салдарымен күресу үшін құқықтық базаны жетілдіру де маңызды міндеттердің бірі болып қала береді. Бүгін сайланған сенаторлар тиісті өкілеттіктерін алған сәттен бастап аталған стратегиялық міндеттерді орындауға өз үлестерін қосып, белсенді жұмыс істейді деп сенемін», – дейді Сенат төрағасы.




Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: Абай – рухани реформатор
    Н. Назарбаев: Бізде үлкен тәжірибе, қаражат, мүмкіндіктер бар