Дәстүрлі медицина және COVID-19 коронавирусы

Уақыты: 2020-03-15 Көрлімі: 1529 Сипаттама

Бүгінге дейін 5800-ден астам адамның өмірін қиған, 156700-ден астам ауруға шалдыққан және әл...

e0b21fa6-a1af-453a-a6f1-b85654316490.jpg

Бүгінге дейін 5800-ден астам адамның өмірін қиған, 156700-ден астам ауруға шалдыққан және әлемнің 152 елі мен аймақтарына таралған коронавирус ауруының нақты емі жоқ.

Ғалымдар өлімге әкелетін вирусты жоюдың жолдарын іздестіру үстінде. Бірақ қазіргі уақытта вирусқа қарсы негізгі емдеу белгілерді жеңілдетуге бағытталған. Короновирус таралғалы бері ғылыми ізденістермен бірге әр халық және жеке тұлғалар өздерінің вирусқа қарсы ем, шараларын ұсынауда. Солардың қатарында Қытайда өзінің дәстүрлі медицинасындағы емдерді ауруді жеңілдетеді деп санайды. Себебі, 2003 жылғы SARS кезінде дәрілік өсімдіктермен емдеу өз тиімділігін көрсеткен (Z. Chen, T. Nakamura Statistical evidence for the usefulness of Chinese medicine in the treatment of SARS. Phytother Res, 18 (7) (2004), pp. 592-594).

Deng-hai Zhang қатарлы ғалымдар 2019-nCoV жаңа коронавирусын тежеуі мүмкін вирусқа қарсы / пневмония тиімді деп саналатын 26 дәрілік өсімдікті анықтаған (https://doi.org/10.1016/j.joim.2020.02.005). 


Биылғы коронавируспен күресуде Қытай дәрігерлері мен ғалымдары басты құрамы қылша, даршын бұтағы мен мия тамырынан құралған 20-дан астам дәрілік өсімдіктерді қосып жасаған қоңыр сорпаны (өкпені тазарту және детоксикациялық сорпа) науқастарға ем ретінде қолданған.

Өткен аптадағы баспасөз мәслихатында Қытай ұлттық дәстүрлі қытай медицинасы басшысының орынбасары Yu Yanhong «У хандағы жеңіл симптомдары бар 102 пациенттің клиникалық зерттеулерінде, тек батыстық дәрі-дәрмектерді қабылдаған пациенттердің бақылау тобымен салыстырғанда, қоңыр сопра аралас емі бар пациенттер сауығу деңгейі 33% -ға жоғары болды», - деп мәлімдеді .

«Науқастың денсаулығын қалпына келтіріп, иммунитетті жақсарту арқылы қоңыр сорпа (дәстүрлі Қытай сорпасы) пациенттердің ауруға қарсы тұру және қалпына келу қабілетін ынталандыруға көмектеседі, бұл терапияның тиімді әдісі», - деді ол.

Осы уақытқа дейін коронавируспен ауыратын 50 000-нан астам пациент ауруханадан шығарылды, және олардың көпшілігі Дәстүрлі Қытай сорпасын қолданды.

Неғұрлым ауыр жағдайларды тағы бір зерттеуде, біріктірілген ем қабылдаған пациенттер бақылау тобынан гөрі ауруханадан тезірек кетіп, қандарында оттегі мөлшері және лимфоциттердің саны жоғарылаған - бұл сауыққан науқастардың денсаулығының маңызды индикаторы ретінде бағаланып отыр (doi: 10.3851/IMP1615.).


 Бұл медициналық пласебо (placebo) болуы мүмкін


Медицинада пласебо ұғымы физиологиялық әсерге қарағанда науқасқа психологиялық пайдасы үшін тағайындалатын зиянсыз таблетка, дәрі-дәрмек немесе процедураны қамтиды. 

38 жастағы коронавирусқа шалдығып, жазылып шыққан Xiong Qingzhen «Менің ойымша, бұл өте плацебо» деп отыр. Ол ауру кезінде бұл сорпаның тиімділігіне күмәнмен қарап және оны ішуден бас тарқан.

TCM (Traditional Chinese Medicine) емдеу тек індеттің ошағы болған Уханда ғана емес, қытайдың басқа жерлерінде де жүргізілген.

Global Times газетінің хабарлауынша, шығыс Zhejiang провинциясында коронавируспен ауырғандардың 95% -дан астамына дәстүрлі дәрі-дәрмектер берілген.

Бейжіңде бұл 87% құраған. Пекин денсаулық сақтау комиссиясының өкілі Gao Xiaojun TCM алған адамдардың ішінде 92% -ы жақсарғандығын айтқан. 

«Дәстүрлі қытай медицинасы қалпына келу жылдамдығын жақсартуда және пациенттер арасындағы өлім-жітімді төмендетуде белсенді рөл атқарды», - деді ол өткен айдың соңында өткен баспасөз мәслихатында.

Алайда, Вашингтонда орналасқан Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңестің жаһандық денсаулық сақтау саласының аға қызметкері Yanzhong Huang «Біз олардың (коронавирусқа шалдыққан науқастардың) 80% -ы жеңіл жағдайда болғанын есте ұстауыңыз керек. Егер оларға ештеңе жасалмасада, денсаулықтары қайта қалпына келуі мүмкін еді», - дейді.


Бұл коронавирус кезінде күйреген экономиканы сауықтырудың жолы болуы мүмкін


Өткен жылы Қытайдың Мемлекеттік кеңесі TCM өнеркәсібінің 2020 жылға қарай 3 трлн юаннан (430 млрд. Доллар) асып кетуі мүмкін деген болжам жасаған - бұл 2017 жылғыдан 71% -ға көп. Бейжің сонымен бірге TCM-ді «Белдеу және Жол бастамасы» (бір белдеу, бір жол) сияқты ауқымды ғаламдық инфрақұрылыммен жылжытуға ұмтылған инвестициялық бағдарлама етіп жасағысы келеді.

Қытайдың төрағасы Xi Jinping өзі танымал TCM қорғаушысы, оны ұлттық мақтаныштың қайнар көзі ретінде бірнеше рет қолданған.

«Дәстүрлі медицина - бұл ұлт пен оның халқының даналығын қамтитын қытай өркениетінің қазынасы», - деген болатын Xi өткен жылдың қазан айында TCM ұлттық конференциясында.

Қытайда да TCM жақтаушылары көп, алайда Батыста бұл күдікке тап болып отыр. Ал Қытай үкіметі коронавируспен күресуде TCM емдеуді ел ішінен сыртқа жарнамалауды көздеп отыр.

Осы шиеленісте Xi дәрігерлерді науқастарды қытайлық және батыстық дәрі-дәрмектермен емдеуді бірнеше рет ескертті.

ҚХР басшысы елдің жоғарғы билік органы - Коммунистік партияның Саяси Бюросының тұрақты комитетінің отырысында COVID-19 диагнозы мен емінде «Қытай мен батыстық медицинаның үйлесуі» туралы алғашқы жария үндеу жасады.

ДДҰ өзінің веб-сайтында TCM қолдануға қарсы кеңес беріп, «COVID-19» бар адамдарды «дәстүрлі медицинамен емдеуден» аулақ болу керек деп жазған. Алайда, кейінрек бұл жазба алынып тасталды.

«4 наурызда Женевада жаңалықтар мен қауіп-қатерлер туралы топтардың редакциялық жиналысында бұл жолды алып тастау туралы шешім қабылданды, өйткені ол тым кең және жеңіл COVID-19 белігісі бар көптеген адамдардың ауруға қарсы дәрі-дәрмектерге қолжетімділігі үшін дәстүрлі дәрі-дәрмектерге жүгінетінін ескерілмеді », - делінген ДДСҰ-ның WeChat танымал әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында жарияланған хабарламада.

Дегенмен, биомедициналық қоғамдастықтың кейбір өкілдері ДДСҰ-ның кейбір дәрілік өсімдіктері уыттылығымен және оның фармакодинамикасы жөнінде дәлелі жоқтығын ескертеді, сонымен бірге TCM биоалуантүрлілікке үлкен қатер. Сирек түрлер (жолбарыс, панголин, аю және керік) үшін қауіпті. Бұның бір мысалы, өткен апта жер бетіндегі екі ақ жирафтың бірінің заңсың аң аулаушылар жағынан ауланғандығы.


"Жусанды жерде жан қалар, ерменді жерде ер өлемес" мақал біздікі,  атақ қытайлардікі


Денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар Қытайдың басқа халықтарды, әсіресе Батыс елдерін, коронавирустың өршуіне қарсы емдеу үшін ТСМ емдеу әдістерін қабылдауға сендіруі ұзақ уақытқа созылуы мүмкін дейді.

«Менің ойымша, TCM-ді бүкіл әлемге таратуға күш салу белгілі бір аймақтарда, мысалы Африка елдерінде мүмкін болады. Егер TCM-ны дамыту artemisinin секілді қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес жүргізілес Батыс әлемі оны жақсы қабылдайды», - дейді халықаралық қатынастар жөніндегі профессор Huang.

Artemisinin - бұл TCM-де қолданылатын жусанынан алынған безгекті емдейтін бүкіл әлемге танымал препарат. Artemisinin тапқаны үшін қытайлық ғалым Tu Youyou, 2015 жылы медицина саласы бойынша Нобель сыйлығына ие болды.

TCM-нің қауіпсіздігі мен тиімділігі Қытайда әлі де талқылануда, онда оны жақтаушылар да, сынаушыларда жететерлік. TCM-дегі көптеген дәрі-дәрмектер жүздеген жылдар бойы қолданылып келгенімен, сынаушылар олардың болжанған артықшылықтарын растайтын ғылыми дәлелдемелер жоқ деп айтады.

«Қытайдағы TCM өнімдерінің барлығы дерлік батыстық заманауи медицинаның қатаң рәсімдерінен өтпейді. Сондықтан Батыс елдерінде адамдар TCM-ге сенбейді», - дейді профессор Huang.


Бұл құраннан кіріпік іздеген секілді өз көзқарасына деген сүйіспеншіліктің бір түрі 


Осы айдың басында Юн нан провинциясының оңтүстік-батысындағы Линкаң қаласындағы (Lincang city in southwestern Yunnan) студенттер мен мұғалімдерге мектепке оралу үшін міндетті шарт ретінде TCM сорпасын ішу тапсырылды. Оларға иммунитетті күшейтетін дәрі қабылдағанын дәлел ретінде фотосуреттер мен бейнелерді жариялау керек деп айтылды, деп хабарлайды Global Times.

Бұл қадам ғаламторда сынның пайда болуына себеп болды, көптеген адамдар бұл дәрі-дәрмектің сау адамдарға неліктен мәжбүрлі түрде қолданылғанын сұрауда.

Мәселе мынада, TCM негізгі тұжырымдамасы - науқастарды емдеуі керек. Әр түрлі физиологиялық күйдегі адамдарда қолдану, денсаулыққа кері әсер беруі де мүмкін.  TCM-ді жақтаушылар оны нәсихаттауда түрлі іс-шараларға баруда. Мысалы, қарсы пікірдегі танымал блогерлер мен Қытайдың Twitter-ге ұқсас Weibo платформасын қолданушылардың өткен аптада аккаунтын жойған. Бұған «Көптеген адамдар ұлтшылдықтың - экстремалды және тар көзқарасты ұлтшылдық көзқарасын ұстанады, сіз не айтуға тырыссаңыз да, олар фактілерге мән бермейді» - дейді, Xiong Qingzhen 

Профессор Huang айтуынша, қазіргі Қытайда «ТСМ мен саясат арасында қызықты неке» бар. Қазіргі Xi үкіметі кезінде бұл «патриотизмнің символына айналуда».

«Егер сіз дәстүрлі қытай медицинасына сенбесеңіз, сіз патриот болып саналмайсыз», - дейді ол.


Қазақ медицинасы не дейді?


Қазақ этномедицинасы әлемдік түгілі, ел ішінде өзінің ғылыми негізін тіктеп, лайықты орын алған жоқ. Бұған басты себеп, өткен 70 жылдық кеңестік иделогияның ұлттық құндылықты жоюға бағытталған саясаты. Ал тәуелсіздіктен кейін бос арнаға құйылған әр қайнардан шыққан секілді діни секталар секілді, этономедицинамызды да қолында кітабі бар молдасымақтар меншіктеніп кетті. Бұл күнде ел ішінде қазақ медицинасы десе кітап қарап, жол ашып, дұға жасайтындар елестейтін көрініс пайда болды. Дегенмен, қытайдың қайыс ноқтасында өмір сүріп жатқан қандастар дәстүрлі  медицинамызды деңгелек айналдырып, біраз табыстарға қол жеткізді. Оның теориялық негізі ретінде Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баянын» ұсынды. Бұл кітап және авторы туралы талас-тартыс көп болғанымен, оны жоққа шығарғаннан біздің ұтатынымыз шамалы болып тұр...... ..... (жалғасы бар,  CNN деректері пайдаланылды)


Әлібек Ыдырысұлы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биомедицина ғылыми-зерттеу орталғы


Пікір жазу
  • МЕН НЕ АЙТТЫМ, ШАМАҚАЙҰЛЫ НЕДЕН ШАТАСТЫ?
    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі

    Ұқсас тақырыптар