Е. Қарин: Президенттің Ұлттық кеңестің екінші отырысында жариялаған бастамалары белсенді жүзе асуда

Уақыты: 2020-02-06 Көрлімі: 400 Сипаттама

ҚР президентті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі Ерлан Карин Президенттің Ұлттық кеңес...

9065031.jpg

ҚР президентті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі Ерлан Карин Президенттің Ұлттық кеңестің екінші отырысында жариялаған бастамалары белсенді жүзеге асырылуда деп хабарлады. 

"Осыдан бұрын хабарлағанымдай, Ұлттық кеңестің екінші отырысынан кейін, Президент Әкімшілігінің жетекшісі қолымен Президенттің жаңа бастамаларын жүзеге асыру бойынша Жоспар бекітілді. Осы жоспарға сәйкес тиісті мемлекеттік құрылымдар қаңтар айында саяси реформалар бағытына қатысты әр бастама бойынша заң жобаларын дайындау қажет болатын. Бірнеше күн бұрын бұл жұмыс аяқталды. Енді президенттік бастамаларды жүзеге асырудың жаңа кезеңі басталғалы жатыр. Заң жобалары мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін, ғылыми лингвистикалық экспертизадан өтіп, және Үкіметтің отырысында талқыланғаннан соң, олар Парламентке қалыптасқан тәртіпке сәйкес қарастыруға енгізіледі. Сонымен, Президенттің Ұлттық кеңестің екінші отырысында жариялаған бастамалары белсенді жүзеге асырылуда", деп жазды ол фейзбук парақшасында. 

Пікір жазу
  • Қытай қоғамы ауыр демографиялық дағдарыспен бетпе-бет келіп отыр
    Мұхтар Тілеуберді: Қытайдан 150-ден астам адам жеткізіледі