Бектас Бекназаров: Халықтың, Президенттің алдындағы жауапкершілігімізді естен шығармайық

Уақыты: 2019-09-27 Көрлімі: 929 Сипаттама

​Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров заңдардың сапалы заңдардың қабылдануы үшін халықтың, Президенттің алдындағы өзіміздің жауапкершілігімізді естен шығармайық деді....

maxresdefault.jpg

Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров  заңдардың  сапалы заңдардың қабылдануы үшін халықтың, Президенттің алдындағы өзіміздің жауапкершілігімізді естен шығармайық деді. Бұл туралы сенатор Парламент Сенатында заң шығарушылық процесті жетілдіру тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда айтты. 

«Сенат қабырғасында қабылданған заңдардың қаншалықты жан-жақты, тиянақты түрде талқыланып, дұрыс заңың қабылдануы үшін жауапты адамдардың назарын аударатын мәселе деп есептеймін. Біздің бүгінгі парламенттік тыңдауымызда Үкіметке де, соның ішінде Әділет министрлігіне де, мемлекеттік органдарға да біршама сын айтылды. Оның барлығы, әрине, дұрыс. Бірақ, құрметті әріптестер, барлығыңыздың назарыңызды тағы бір нәрсеге аударғым келеді. Заңды қабылдайтын кім? Қандай орган осы заңдарды қабылдап отыр? Шала болсын, асығыс дайындалған болсын, бұл заңдарды қабылдап отырған бір орган, ол - Парламент Сенаты. Ол - біздің өз жауапкершілігіміз. Егер қабылданған заң заман әрі уақыт талабына, адам құқы талабына сәйкес келмейтін болса, онда оған, ең алдымен, кінәлі - осы залда отырғандар. Мысалы, біз осыдан біраз жыл бұрын Әкімшілік құқық бұзу кодексін қабылдадық. Осы кодексті талқылаған кезде көптеген нормалар бойынша, яғни тәртіпті нығайту мәселесінде үлкен сомалы айыппұл белгіленді. Ол мыңдаған адамдардың тағдырына әсер етті. Содан кейін бір-екі жылдан кейін алдық та, сол айыппұлдардың шамасын еселеп тұрып азайттық. Сөйтіп жан-жақты дайындалмаған шешімге бардық. Сондықтан, құрметті әріптестер, сынауға болады, айтуға болады. Бірақ осында отырған әріптестерімнің назарын тағы да аударғым келеді. Ең алдымен, осы заңдардың қабылдануына, дұрыс сапалы болуына халықтың, Президенттің алдындағы өзіміздің жауапкершілігімізді естен шығармайық», - деді Бектас Бекназаров.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • ДИПЛОМАТТЫҚ ПЕН ҒАЛЫМДЫҚТЫ ҚАТАР ҰСТАҒАН ТҰЛҒА
    Ермек ТҰРСЫНОВ: Ар-ожданды тек мәдениет қана оята алады