Ертісбаев: Қазақстан көпвекторлы сыртқы саясатын жалғастыра береді

Уақыты: 2019-09-12 Көрлімі: 1398 Сипаттама

Қазақстанның Грузия мен Беларуссиядағы бұрынғы елшісі, бұрынғы ҚР Мәдениет минситрі Е...

433a36fead1092b2679163e7f2963159.jpg

 Қазақстанның Грузия мен Беларуссиядағы бұрынғы елшісі, бұрынғы ҚР Мәдениет минситрі Ермұхамет Ертісбаев Президенттің Қытайға сапары қарсаңында "Казахстанская правда" газетіне сұхбат берді. Соның ішінде Қытайдың Қазақстан жерін басып алуы мүмкін бе дегенге жауабын  Zakon.kz  жариялады. Аталмыш басылымға сілтеме жасап, бұрынғы минисрдің пікірін назарларыңызға ұсынамыз. 

- Қытай қазақ жерін басып алған ба, әлде енді басып алып жатыр ма немесе басып алады ма? Оның жауабы біреу-ақ: жоқ! Ешқашан мұндай бұрын болған да емес, қазір де болғалы жатқан жоқ. Қытай қазақ жерін де, тіпті өзге кез келген елдің территориясын басып алайын деп жүрген жоқ! Өйтсе Қытай Қытай болмай қалады. Өйтсе Қытай өзінің бүкіл қайталанбас тарихы мен мәдениетінен аттап кеткенмен бірдей болады.

Оның үстіне қандай да бір кішкентай аумақтық агрессия 56 этносы, 80-нен аса ұлттық тіл мен диалектісі бар Қытайда үлкен дүрбелең туғызады. Сондықтан егер біреу Қытай болашақта Қазақстанды "басып қалады" деп шындап әңгіме бастап жатса, оған бас қатырып, тіпті екі секундыңызды да жұмсап керегі жоқ. Ол оған татымайды.

Содан кейін де ғой, Қазақстанның бірқатар қалаларында антиқытайлық митинг болып жатқанда, тіпті Қазақстандағы Қытай елшісінің өзі барлық дипломатиялық этикетті ысырып қойып, митингке шыққандарға: "Өзі бастарыңыз қаға ма?!" деп салған. Расында, бұл ақылға сыймайтын нәрсе.

Мен синофобияға сауатсыз адамдар ұшырап жатса, оған түсіністікпен қарар едім. Ал бірақ, Қытайдағы Қазақстанның бұрынғы елшісінің: "Қытай көп, жері кішкентай. Орталық Азия елдері өздерінің тәуелсіздігін жоғалтып алу қаупі жоғары, Президент Тоқаев Қытайға барар алдында өз халқына қытайлардан қазақтарға қауіп көп екенін ашық айтуы керек" деуі миыма түк кірмеді, оны мүлде түсіне алмадым.

Қараңызшы, 1 миллион қытайдың 999,999 мыңы Қазақстанға емес, Сингапур, Филиппин, Ванкувер немесе Лос-Анджелеске көшіп барып жатыр. Бұл мен үшін айқын нәрсе, бұл тартылыс заңы сияқты. Иә, қазір тек бір Америкада 20 миллионнан астам қытай тұрады, жұмыс істейді. 


 Қытай үшін қазір тауарын өткізу нарығы - бүкіл әлем, соның ішінде әр бағытта өз басымдықтары да бар. ТМД елдеріне келетін болсақ, мұнда инфрақұрылым мен адам капиталының шектеулігі бұл реттегі мақсатқа "тұсау" болып тұр. Бірақ соған қарамастан, Қытай мұнда ең ірі несие беруші және инвестор болып табылады.

- 2013 жылы Қытай "Бір белдеу - бір жол" сынды ауқымды бағдарламаны алға тартты. Сол жоба аясында Тынық мұхиттан Атлант мұхитына дейінгі аралықта көпірлер, порттар, теміржолдар мен автомобиль жолдары, құбырлар және басқа да инфрақұрылым нысандарын салуға бірнеше триллиондап доллар бөлініп жатыр. Қытайдың басты мақсаты - әлемдік гегемония емес, экспанция жасау үшін экспанциялау емес, инфрақұрылымдарды жетілдіру ғана. Өйткені Қытай экономикасын "үрленгені" сонша, оны бір сәтке тоқтатып немесе бәсеңдетсе жалпыадамзаттық апат болады, ондайда ең алдымен Қытайдың өзінде қиын болады, ондаған, жүздеген миллион адам алаңға, көшеге шығып кетеді.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота бойынша 4300 қытай маманы жұмыс істейді екен. Ал 2019 жылға арналған квота бойынша ол 23000 адамды құрайды. Егер экологияға қатысты алаңдаушылық туып жатса, онда жобаны іске асырар алдында қоғамдық бақылау орнатуға болады, бәрі ел алдында ашық жүретіндей етіп. Ал 28 жыл бойы достық қарым-қатынаста болып, екіжақты қатынастар жемісті жүріп жатқан Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығына бір сәтте нүкте қой деп қалай талап етуге болады?!

Қазақстанмен шектесетін, шекарасы 1700 шақырымды құрайтын, цифрлық технологиялар, инновациялық экономика (5G Big Data), жасанды интеллект, бұлтты технологиялар, суперкомпьютерлер, роботтар бойынша әлемдік көшбасшының бірі болып табылатын ядролық державаға қалай қырын қарауға болады өзі?! Қытай байығанның үстіне байып жатыр және жоғары сапалы, экологиялық таза ауылшаруашылық өнімдеріне мұқтаж. Міне, бұл сәтте игерілмеген алқаптары бар Қазақстан қасында тұр.

Қазақстансыз "Бір белдеу - бір жол" жобасын жүзеге асыру мүмкін емес. Барлық дерлік транзиттік жолдар Қазақстан арқылы өтеді. Иә, Қытай біздің ел арқылы ТМД, Еуропа және Таяу Шығыс елдерінің нарықтарына тез шыға алады. Тәуелсіздік алып, дипломатиялық қатынастар орнатқан кезден бастап барлық қытай басшылары біздің елге әрқашан үлкен құрметпен және шынайы қызығушылықпен қарады. Қытай басшысы үнемі қос елдің арасындағы достықты нығайтып, өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға күш салды.

Қазір де солай. Осы мақсатта Қытай басшысы Синь Цзиньпин біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевты Қытайға ресми сапармен келуге шақырды. Арамызда бар барлық құнды нәрсені нығайтып, қолда бар екіжақты келісімдерді жаңа сапалық деңгейге көтеруге барын салуда. Қытай тарапы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан-Қытай жан-жақты серіктестігін орнатудағы тарихи рөлін әрдайым жоғары бағалайды.

Бір қызығы, Қазақстанның екінші Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та өткен ғасырдың 70-ші жылдарының ортасында МХҚМИ-ді бітіріп, Пекиндегі КСРО елшілігінде дипломатиялық мансабын бастаған. Ол қытай тілін жақсы біледі, қытайтанушы деп айтса да болады. Қытайдың ерекшелігі және біздің еліміз үшін бұл державаның маңыздылығы туралы Тоқаевтың "Тәуелсіздік туы астында", "Еңсеру: Қазақстан министрінің дипломатиялық очерктері", "Сәуле мен көлеңке: қазақстандық саясаткердің очерктері", "Ғаламдану жағдайындағы Қазақстанның саясаты" және басқа да кітаптарынан білуге болады.

Егемендіктің алғашқы күнінен бастап Қазақстан барлық экономикалық мүдде орталықтарымен және негізгі геосаяси ойыншылармен ынтымақтастықты дамыта отырып, көпвекторлы сыртқы саясат бағытында алға нық қадам басты. Мысалы, АҚШ пен Еуропалық Одақ Қазақстанға инвестиция салу жағынан Қытайдан алда тұр, бірақ бәрі де инвестициямен, несие және қаржылай көмек көлемімен өлшенбейді.

Қазақстан халықаралық аренада ірі ойыншы болуға ұмтылмайды, бірақ біздің халықаралық қауымдастық үшін өзіндік ерекше және маңызды рөліміз бар екенін мойындау керек. Өйткені біздің мемлекетіміз Ресейдің ҰҚШҰ-сына, Қытайдың ШЫҰ-сына мүше, сонымен қатар АҚШ, Ұлыбритания және Өзбекстанмен стратегиялық серіктес елбіз. Яғни, Ресей, Қытай және мұсылман әлемі арасында орналасқан Қазақстан әлемдік дипломатияның жетістігі болып мойындалған көпвекторлы сыртқы саясатын жүргізіп, оны жалғастыра береді.

 

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Патриотизм маргиналдық эмо­цияға емес, білім­ге, сауаттылыққа, әдепке негізделгенде ғана пайдалы
    Ертісбаев:Қазақстан Ресейдегі секілді электоральды төңкеріс заманына енуде