Қ. Сансызбай: Ұлт тағдырына ұлағаттылықпен қарайтын кандидатқа өз даусыңызды беруден қалыс қалмаңыз

Уақыты: 2019-05-24 Көрлімі: 4244 Сипаттама

Мен қазақпын! Ана тіліммен ауызданып, қазақтың төл мәдениетінің құндағынан шыққан, ұлт...

e013fe00-d44b-4e7d-aea2-2d43a2070466.jpg

Мен қазақпын! Ана тіліммен ауызданып, қазақтың төл мәдениетінің құндағынан шыққан, ұлттық дәстүріміздің бесігінде тербеліп өскен таза қазақпын. Отаныма деген сүйіспеншілігім, отбасымнан басталған, xалқым мен еліме құдай дай құлай берілген, ел ертеңі үшін жалтақсыз беріле  өзіме етене жақын xалықтың көші-қоны саласы бойынша еңбектеніп жүрген қазақшылдық қасиетті пір тұтқан қазақпын. 

Сол үшін де алыс-жақын шет елден келген ағайын, қандастарымды алдағы кезектен тыс президенттік сайлауға қазақшылық-пендешілікке берілмей қазақшылдық ар-намыс парасаттылығымен өз дауысыңды беріп ел ертеңіне өз үніңді қос дегім келеді. Біздер қандай да бір жеңіске жетсе даңдайсымайтын, қиындық келеңсіздік көрсе-мұқалмайтын, xалық алдындағы өзінің перзенттік парызын адал атқарып, xалықтың әлеуметтік жағдайына ерекше көңіл бөлетін, ұлтының тағдырына ұлағаттылықпен қарайтын, ел мен xалқын биік мұратқа жеткізуге қабілеті жететін қазақшылдық қасиеті мол абзал кандидатты сайлауға дауыс беруге міндеттіміз деп ойлаймын. Қазаққа қазақтың ғана жаны ашиды, қазақтың жан дүниесін ет-жүрегімен етене түсінбейтін шет елдік ақылгөй-кеңесші, басқа ұлт-ұлыстардың даналық данышпандық пікір-ұсыныс, тұжырымдары жаңа Президентіміздің сана-сезіміне ұштасса ғана кемелін арттырары анық, олардың алдында президентіміздің руxы басым болуы керек. Міне осыған лайық деген азаматқа қалыс қалмай өз пікіріңізді беріңіз. Сіз сайлауға бармасаңызда барып қатысқан сайлаушылардың сайлаған адамының ертеңгі күні жүргізе бастаған саясат, бағыт бағдарламасына сізде еріксіз бағынасыз. Ал өзіңіз дауыс берсеңіз ертеңгі күні мен сізге дауысымды бергенмін президенттік өкілеттігіңізді xалық атынан жүргізуге үн қосқамын деп өз пікір ұсынысыңыз болса ел алдында еркіндік құқығыңыз бойынша айта аласыз. Саясатқа кез келген адам араласуы керек. Саясатты жете біліп, толыққанды түсіне алмасаң елдің мұң мұқтаж шерін қалай айта аласың. Саясаттан тыс өмір сүру қазіргі заманда мүмкін емес. Жүелі саясаттың ықпалымен ғана қоғам өзгереді. Түбегейлі реформаның түп қазығы саясат. Саяси сауатымыз жетілмесе, қоғамда болып жатқан келеңсіздіктерді жоюға ат салыса алмаймыз. Руxани құндылықтарымызды дәріптей алмаймыз. 

Оның сыртында Елбасымыз 1998 жылы Оралман деген атау маған да ұнамайды деді, 2008 жылы тағыда Отандастар деп атайық деді өкінішке орай  әліде оралман деген атауыда өзгермей келе жатыр.  

Бейімделу қызметтерінің негізгі мақсаты-оралмандарға құқықтық консультация беру, мемлекеттік тілді және өз қалаулары бойынша орыс тілін оқытуды, кәсіптік, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету деген үрдіс те жүйесіз қалып келеді. Соңғы жылдары иесіз қалған көші-қон үрдісінен болып бейімделу орталықтары мүлдеп басқа мүддеде қызмет атқарып жатқаны да жасырын емес. 

Шет елден келген қазақ "оралман" деген атаусыз-ақ толыққанды азамат бола алады. Бұл туралы талай жылдан бері айтудай-ақ айтылып келеді. Тұңғыш Президентіміз, Елбасы өзі тікелей екі рет тапсырма да берді. Не кедергі болды? Неге пікірлер ескерусіз қала берді? Шет елден келген қазақтарға олардың жағдайын білмейтін немесе түсінбейтін шенуніктер шешім қабылдай берді деуге саяды. Соңғы жылдары Үкіметтен бекітілген арнайы қаржылай көмектерді атап айтпағанда, жеңілдетілген түрде азаматтық алу мәселесінде шешімін таппаған мәселелер күн тәртібінен түспей келеді. Қазір жер шарында қандастарын  Отанына шақырып жатқан төрт-ақ мемлекет бар. Германия, Израиль, Польша, Қазақстан. Израиль шеттен келген қандасттарына шекарадан өткен бетте "бұл-израильдік" деген құжатты қолына ұстатып, бірден мамандығы бойынша жұмысқа орналастырады. Германия бірден бейімдеу орталығына апарып, Германиялық ортаға бейімделуіне күш салады. Польшада қандастарының қамын ойлайтын, бірлесіп жұмыс істейтін түрлі ұйымдар, Агенттіктер, бірлестіктер жетіп артылады. Және әрқайсысы Польша билігіне сөзін өткізе алатын тегеуріні мықты мекеме. Ал бізде Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы деген аты үлкен заты яғни өзіндік статусы, қаржы көзі де жоқ бір ғана мекеме бар. 

Қазақстанға келіп жатқан оралмандардың ешқайсысы да мемлекетке масыл болайын деп отырғандар емес. Келген ағайыдардың 20 мыңнан астамы ғана зейнет жасындағылар. Қалғандары еңбекке жарамды, жас буын өкілдері. Олар қазақ қоғамының ең жанды жері, демографиялық және ұлттық мәселелерді шешуге оразан зор ықпалды екені айдан анық. Шет елде туып шет тілде білім алып өсседе, қазақтың ана тілі мен ділін, иманы мен ибасын сақтап келген қандастарымыздың тағдырына немқұрайлықпен қарамауымыз керек. 

Президентіміз, Елбасы,Үкіметіміздің қағидаларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган яғни әкімдер осы саясаттан мүлдеп шет қалған десек артық айтпаған болар едім. Кез келген әкімнен барып сұрап көріңіз өзі басқарып отырған аудан, облысында оралмандар мәселесі бойынша соңғы жылдары жиын-жиналыс өтіп қандастарының тағдырына қатысты мәселе бір ретте болса  талқыға түсті ме екен?!  Су басынан тынады деген осы. Кезінде жыл сайын әр облыста оралмандар күні ресми түрде атап өтіліп, жақсыларын марапаттап келеңсіздіктердің жолын кесіп облыс әкімі өзі қатысып қортындысын шығарып тұратын заман құрдымға кеткелі де 15 жылдан асты. Қазіргі президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Батыс Қазақстан облысында xалықпен кездесу кезінде Көші-қон мәселесін қалпына келтіріп жүйелейтінін атап өтті. Өткен аптада Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау минстрі Б.Сапарбаев мырза да оралмандарға деген қамқорлық күн тәртібінен түспейтініне тоқталып өтті. Жоғарғы биліктен әкімдерге деген көші-қон үрдісі бойынша сұраныс күшейіп жауапкершілік жүктеу жолы жүйеленсе ұлы көштің тамырына қан жүгіретін түрі бар. Ал қандастар, сіздерден қолдау күткен азаматыңызды Президентке сайлау науқанына ат салысып өз даусыңызды беруден қалыс қалмаңыз. Еліміз тыныш, xалқымыз аман, тәуелсіздік, азаттығымыздың қадір қасиеті артқан бейбіт заман болсын ағайын.

Құрметбек Сансызбай

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Қанат Ислам: Бүгінгі кездесу алдағы бокс кешімізге зор күш-жігер береді
    Біржан Ахмер. Мұрат ақын өзінің мазасыздығынан қорықпайды...