«Теннің орнында сіз бен біздің болуымыз да әбден мүмкін еді…»

Уақыты: 2018-07-20 Көрлімі: 2837 Сипаттама

Қазақ елі 2018 жылдың 19 шілдесінде алтын асықтай ұлының бірі, мәнерлеп сырғанаушы Денис Т...

photo_118487.jpg

Қазақ елі 2018 жылдың 19 шілдесінде алтын асықтай ұлының бірі, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннен айырылып қалды. ІІД өкілдерінің хабарлауынша Денис Тен көліктің қосалқы бөлшектерін ұрлаумен айналысатын қарақшылардың қолынан қаза болған.

Қазақстандық барша әлеуметтік желі қолданушылары Денис Теннің қазасына қайғырып көңіл айтуда. Желідегі жазбалардың дені Денис Теннің қазасы елдегі заңсыздықтың асқынып, ұры-қарының шамадан тыс көбейуі мен ІІД қызметкерлерінің салғырттығынан болды дейді. Денис Тен сияқты қарақшылардың қолынан қаза болып жатқандар қанша ма? Оның бәрі Денис сияқты танымал болмағандықтан бұлай елдің назарын аудара бермейді деген пікірлер де көптен кездеседі.

37363774_2066395563610221_6741507438056308736_n.jpg

«Жасырып жабары жоқ, Денис танымал тұлға болғандықтан бұл трагедияның ауқымы күллі республикаға таралып кетті. Әйтпесе дәл осындай қарақшылардың қолынан ғұмыры келте қиылған қарапайым азаматтар қаншама? Әріге аспай бір Алматының өзінде мұндай трагедия күнбе бе күн орын алып жатуы ғажап емес. Теннің орнында сіз бен біздің болуымыз да әбден мүмкін еді…

Алматыдағы қылмыстық ахуал асқынып тұр әзір. Бұған қарсы күресіп жатқан полицейлер жоқ. Тәртіп сақшылары өз азаматтарын қорғайтын, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қауқарда емес. Жемқорлық пен парақорлықтың батпағына белшесінен батқан өйткені…

Ал Денис ше? Денис Тен қарақшылардың құрбаны болған жоқ. Ол жемқор, парақор жүйенің құрбаны болды. Анығы, бізге тек өзімізге сенуден басқа амал қалмады. 

Ал Алматының “акиматына” не дейміз? Әрі қарай да кеміргішті қызықтап жүре беріңдер. Біз күнімізді өзіміз көрейік, өз қауіпсіздігімізді өзіміз қамтамасыз етейік. Қарақшылардан да өз күшімізбен қорғанайық. Солай. Бұдан өзге жол жоқ.  

 Өз батырын қорғай алмайған ел ретінде тарихқа енеміз біз…

Бақұл бол, Денис…»,- деп жазды саясаттанушы Артұр Нығметов

Сонымен бірге желі қолданушылары соңғы кезде өз үйлеріне, көліктеріне ұры түсіп, қымбат бағалы заттары мен көліктерінің қосалқы бөлшектерін ұрлағанын, полицияға шағым бергенмен еш өнім болмайтындықтан соңғы кезде шағым да бермейтін болғанын айтты. Мерт болған спортшымыздан кешірім сұраған журналист Руслан Ербота «Өткенде есік алдында тұрған көлігімнен аккумуляторды ұрлап кетті. Бір ай өтпей ұры не ұрылар қайтадан тонады. Ыза болдым, қорландым, боқтадым сосын "садаққа" деп қоя салдым. Полицияға арыз-шағым түсірмедім. Себебі оны қабылдамасын, қабылдаса да тоналған зат қайтпайтынын, ұры не ұрылар ұсталмайтынын түсіндім. Менің дәл осылай бейқам қаларымды ұры не ұрылар да білді. Білген соң тіпті есірді. Енді міне, менің қамсыздығым, мен сияқтылардың бейқамдығы Денис Теннің қазасына сеп болды. Кешір чемпион!», - деген пікірін қалдырыпты.

20kasimov.jpg

Руслан Ербота Полицейлерге сенімсіздік танытса, саясаткер Зауреш Батталова «Денис Теннің тапа-талтұстегі өлімі – бұл полицияға көрсетіліп отырған тегеурін. Біздің полиция үлкен қауіпсізідктің алдын алатын шараларды ұйымдастырады, бейбіт шерулерді жаншиды. Алайда, қарапайым халықтың өмірін қорғай алмайды. Бүгін Қазақстан жастарының  ең ғажап өкілінің өмірі қиылды. Бұл қылмыс үшін қылмыскерлер ғана емес, қауіпсіздікке жауапты полиция да жауап беруі керек деп ойлаймын»- десе, журналист Ришат Асқарбекұлы «Осы бір айна үшін жанын қиып кетті-ау! Иманды болсын! Жақсы, ақкөңіл жан еді.

Тал түсте орталықта ұрлық жасайтын қаныпезерлер ешкімнен қорықпайды ғой. Қайда камералар мақтаулы. Қайда милиардтар жұмсалған қауіпсіздік жүйе, патрульдік полиция?! Әлі ұстаған жоқ күдіктілерді. Алматы ІІД тайлы-тұяғымен жұмыстан кетсін!

Сұқбат алып едім. Сөйлегені, сүйкімі, жанының тазалығы қандай еді. Бұл Алматының жаңадан салынған однасторонный көшелеріне үйрене алмай жүрген жүргізушілерлі қуалап, қарны салбырап, шәпкесі қисайған сақшыларға сын.

Алматыда қымбат көліктердің айнасын, камерасы мен өзге бөлшектерін ұрлайтын қылмыстық топ бар. Сол ұры-қарыға қалқан "крыша" болып жүрген құқық қорғаушылардың өздерін әшкерелейтін күн жетті», - деп ұры-қарының қорғаны құқық қорғаушылар деген ойын білдіріпті.

37488333_2066395570276887_4671891444053573632_n.jpg

Желі қолданушыларының негізгі бөлігі Денис Теннің қазасына басты кінәлі ретінде құқық қорғаушыларды айтуда. Тағы бір талантынан айырылған ел  Айдосы Сарым жазғандай ҚР Ішкі істер минисрі Қалмұхамет Қасымовты «Енді кетпегенде қашан кетеді?» деп отыр.

Jebeu.kz

 


Пікір жазу
  • Мәулен ӘШІМБАЕВ. Астананы бүкіл әлем мойындаған алып шаһарға айналдыра білдік
    Харв Экердің байлық туралы сабақтары