Қ. Тоқаев: Байқоныр ғарыш айлағын пайдаланғаны үшін ресейліктер ешқандай төлем жасағысы келмеген

Уақыты: 2019-06-19 Көрлімі: 579 Сипаттама

Қазақстан президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Нұр мен көлеңке” атты кітабындағы Байқоң...

2019052409521632400_nazarbaev-tokaev-1.jpg


 Қазақстан президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Нұр мен көлеңке” атты кітабындағы Байқоңырға қатысты келіссөздердің қалай жүргенін егжей-тегжейлі баяндаған үзіндінcін Dalanews.kz-ке сілтеме жасап назарларыңызға ұсынамыз.    

Тәуелсіздіктің елең-алаңыңда Байқоңыр ғарыш айлағы Ресейдің қарамағына өтіп кетуі әбден мүмкін еді. Нұрсұлтан Назарбаевтың мәмілегерлік қарым-қабілетінің арқасында Байқоңыр Қазақстанның құрамында қалды, әрі оны жалға беруде де біздің тарап табандылық танытты.

Маған сыртқы істер министрі ретінде Н.Назарбаев пен Б.Ельцинның арасында өткен көптеген кездесулер мен келіссөздердің куәсі болудың сәті түсті.

Бұл екі мемлекет халқының игілігіне арналып қабылданған шешімдер үшін жоғары жауапкершілікпен орайласқан өзара қарым-қатынастар болатын. 1994 жылы наурызда Байқоныр ғарыш айлағының тағдыры шешілген кездесу- соның бірі.

Бұл мәселе жөніндегі келіссөздер өте күрделі де шиеленісті жүрді. Бір де бір  тарап ғарыш айлағының мәртебесіне байланысты алдын ала уағдаластыққа қанағаттанбады.

Ресейде кейбір саясаткерлер аталған стратегиялық объектіні заңдық тұрғыдан да, іс жүзінде де Қазақстаннан бөліп алу керек деп санады.


Біздің елімізде де ғарыш айлағын ресейліктерге беруге күмәннің болғаны “аяғына дейін беріспеу” қажет деген пікірдің қалыптасқаны жасырын емес. 

     Мәскеуде өткен келіссөздер барысында Нұрсұлтан Әбiшұлы мен Борис Николаевич Байқоңырдың Қазақстанның меншігіне қалатыны, бірақ Ресей оны жалға алу шартымен пайдаланатыны жөнінде принципті тұрғыда уағдаласты.

Бұл екі президенттің өзінің мән мағынасы жағынан дұрыс та стратегиялық шешімі болатын. Он жылдан соң екі ел ғарыш айлағын қазақстандық байланыс жер серігін ұшыруға пайдалану туралы келісімге қол қояды.

Ал сол кезде әңгіменің қиын түйіні ғарыш айлағының жалдау ақысының құнына келіп тірелген. Оны пайдаланғаны үшін ресейліктер ешқандай төлем жасағысы келмеді.

96A8F121-408B-473D-A382-8E82E7D05759_w1023_r1_s.jpg

Шағын кұрамда мейлінше шиеленісті өтіп жатқан келіссөздің бір сәтінде Борис Николаевич ахуалды сейілту үшін ішімдик әкелуді сұрады. Кауіпсіздік кызметінің кызметкері төрт рюмкеге кұйылған арағы және жеңіл- желпі тіске басары бар табақты алып кірді.

Нұрсұлтан Әбішұлының:”Неге төрт рюмке?” деген сұрағына кабинеттің қожасы жайбарақат қана: “Екі рюмка аз, ал төртеуі жеткілікті”,- деді.

Осы бір өзінше ойнақы диалогтан соң президенттер бауырластық, достық үшін тост көтеріп, табақшада тұрған ыдыстарды тәбеттене босатты.

Одан соң біздің президент:

 “Ресей – үлкен мемлекет кой, Байқоныр үшін сіздер неге төлем жасағыларыңыз келмейді?”- деді.

 Борис Николаевич бұл  сұраққа басын шайқап:

 “Көп талап етіп отырсыздар, 200 миллион доллар біздің бюджетіміз үшін мүлдем көп. Мені жолдастарым түсінбей қалуы мүмкін, олар ғарыш айлағын Қазақстандікі деп мойындағанымыздың төлемі ретінде тегін алуды сұрап отыр”, – деп жауап берди.

Сөйдеді де, бұдан арғы пікірталасты созудың енді мағынасы жоқ дегендей ол қолын шалт сермеп қалды.

Бірақ Н.Назарбаев ғарыш айлағын жалдау ақысын төлеуді ақырына дейін талап етіп отырып алды.


Ақырында Борис Ельцин келісуге бел шешті де: 50 миллион доллар, одан бір доллар да артық емес деді.

Бірер секунд ойланған Нұрсұлтан Әбішұлы:

“Борис Николаевич, жалдау ақысын 100 млн доллар деңгейінде белгілейік, бұған қоса 15 миллион доллар достығымыз үшін болсын”, – деді.

 Бұл ұсыныс сол кездегі министр Андрей Козыревке ұнамай, ол жалма-жан өз президентіне бірдеңе деп кеңес бергісі келіп еді, бірақ Б.Ельцин оның мұнысын жақтырмай калды.

Ол үстелді алақанымен: “Келісемін!” – деп сарт еткізіп бір ұрды да, өзінің Сыртқы істер министріне өз орныңды біл дегендей ишарамен сұсты көзімен кәрлене қарап қойды.

 Міне, сондықтан да шарт мәтінінің түпнұсқасында ғарыш айлағының құны тасқа басылған әріппен емес, Н. Назарбаевтың қолымен жазылған.

  Бүгінгі күн тұрғысынан Байқоңыр проблемасын шешуге, бәлкім, өзгеше ораймен келу керек болар. Бірақ сол кезде бұдан басқа амал жоқ еді,  Нұрсұлтан Назарбаев өте күрделі ахуалда мүмкіндіктің бәрін сығып алғандай болды.

Ең бастысы бірегей құрылым болып табылатын, бүкіл адамзат өркениетіне тиесілі ғарыш айлағы Қазақстанның заңдык иелігінде қалды, соның арқасында біздің еліміз космостық мемлекеттер қатарына енді.

Әлемдік қоғамдастық ғарыш айлағы жөніндегі келісімді саяси жағынан оңтайлы шешім деп қабылдады”.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • «Қасым хан» сериалы түсіріледі
    М. Мырзахметов: АБАЙ ІЛІМІНЕН БАУЫРЖАННЫҢ ПАТРИОТИЗМІНЕ ДЕЙІН...