Шанхай ынтымақтастық ұйымы жаһандық ұйымға айнала ма?

Уақыты: 2022-09-16 Көрлімі: 366 Сипаттама

Бүгін Өзбекстанның Самарқанд қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) 27-саммиті б...

220915223145257e.jpg

Бүгін Өзбекстанның Самарқанд қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) 27-саммиті басталады. Осыған орай Өзбекстанға көптеген елдің басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері келмек. Кездесуде аймақтық, сонымен қоса жаһандық маңызы бар мәселелер талқыланады деп жоспарланған. Мәселен, Иран ұйымға мүше ретінде қабылданбақ. Сонымен қоса геосаяси жағдайлар мен экономикалық әріптестікті нығайту мәселелері де талқыға түседі.

Осыған байланысты аталған саммитте қандай өзекті мәселелерге басымдық беріледі, ұйым қандай жаһандық проблемаларды шешуге ықпал ете алады, сонымен бірге ұйымға мүше елдер санының артуы ұйым ықпалын қаншалықты арттыратыны жөнінде ҚазАқпарат  материалын назараларыңызға ұсынамыз. 

Алдымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылу тарихы мен мақсат міндеттеріне тоқталсақ.

Аталған ұйым – 1996 жылы 26 сәуірде «Шанхай бестігі» деген атаумен құрылған еді. Сол кезеңде оның қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан болды. Кейін 2001 жылғы 15 маусымда Шанхайда ШЫҰ құрылып, оның қатарына Өзбекстан Республикасы қосылды.

«Шанхай бестігі» - Шекара аймағындағы әскери салада сенімді нығайту туралы келісім (Шанхай, 1996 ж.) мен Шекара аймағындағы қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісім (Мәскеу, 1997 ж.) жасау мақсатында одақ құрған еді. Бұл екі құжат шекаралас аймақтардағы әскери салада өзара сенім механизмінің негізін қалап, шынайы әріптестік қарым-қатынастардың қалыптасуына ықпал етті. Өзбекстан ұйымға қосылғаннан кейін (2001) «бестік» «алтылыққа» айналып, ШЫҰ деп өзгертілді.

ШЫҰ қандай поблемаларға басымдық беріп келді?

Бастапқы кезде Шанхай ынтымақтастық ұйымы Орталық Азиядағы лаңкестік әрекеттердің, сепаратизм мен экстремизмнің жолын кесу мәселелерін шешуге бағытталған еді. 2002 жылғы маусымда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының Санкт-Петербург саммитінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының Жарғысына қол қойылды. 2003 жылғы 19 қыркүйекте ол күшіне енді. Бұл - ұйымның мақсаттары мен принциптерін, оның құрылымы мен негізгі қызметін бекітетін негізгі жарғылық құжат. Сонымен қатар 2006 жылы ШЫҰ әлемдегі лаңкестіктің қаржылай тірегі ретінде халықаралық есірткі мафиясымен күресу жоспарын, ал 2008 жылы Ауғанстандағы жағдайды қалыпқа келтіру үшін белсенді түрде атсалысатынын жариялады.

Кейіннен аталған ұйым экономика саласындағы байланысты нығайтуға бағыттала бастады. Мәселен, 2003 жылдың қыркүйегінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың 20 жылдық бағдарламасына қол қойды. Ұзақ мерзімді мақсат ретінде ШЫҰ кеңістігінде еркін сауда аймағын құру, ал қысқа мерзімді перспективада сауда және инвестиция саласында қолайлы жағдайлар жасау қарастырылған еді.

Ал 2015 жылғы 10 шілдеде Уфада өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары кеңесінің отырысында аталған ұйымға жаңа мүшелер – Үндістан мен Пәкістанды қабылдау рәсімін бастау туралы шешім қабылданды. Беларусь Республикасының ШЫҰ жұмысына қатысу мәртебесін бақылаушы мемлекетке дейіне көтеру туралы келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар Әзербайжан, Армения, Камбоджа және Непалға ШЫҰ диалог бойынша серіктес мәртебесі берілді.

Автор

Назерке Сүйіндік

Дереккөз: "Қаз Ақпарат"

Пікір жазу
  • Ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамытудың ұлттық орталығы құрылады
    ҚР Президенті америкалық ірі компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізді

    Ұқсас тақырыптар