Ұлттық банк 2021 жылы еліміздегі экономикалық өсімге болжам жасады

Уақыты: 2020-12-24 Көрлімі: 1554 Сипаттама

Қазақстан Ұлттық банкі ақша-кредит саясаты туралы тоқсан сайынғы есеп жарияланды, деп...

201224112604238e.jpg 

Қазақстан Ұлттық банкі ақша-кредит саясаты туралы тоқсан сайынғы есеп жарияланды, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.. 

«2021 жылы экономикалық өсім 3,7 - 4,0% құрайды, 2022 жылдың бірінші жартысында шамалы бәсеңдеу болады», - делінген хабарламада.

Жылдық инфляция 2021 жылдың аяғында мақсатты 4-6% деңгейінің жоғарғы шегіне дейін біртіндеп баяулайды деп болжануда.

Айта кетсек, Ұлттық банктің болжамдары бойынша, 2020 жыл қорытындысы бойынша жылдық инфляция 7,3-7,5% деңгейінде болады.

Сонымен қатар,орта мерзімді перспективада 2020 жылғы төмен базаның және эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп қалыпқа келуіне байланысты экономиканың оң өсу қарқындарының қалпына келуі байқалады.



Пікір жазу
  • Жаңа жылда зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер қалай өзгереді?
    Асқар Мамин: Пандемия мен дағдарысқа қарамастан жұмыссыздықты 5 пайыз деңгейінде сақтап қалдық

    Ұқсас тақырыптар