Brent мұнайының бағасы 43 доллардан асты

Уақыты: 2020-06-08 Көрлімі: 606 Сипаттама

Әлемдік биржада Brent маркалы мұнайдың бағасы 6 наурыздан бері бірінші рет 43 доллардан ас...

7-5.jpg

 Әлемдік биржада Brent маркалы мұнайдың бағасы 6 наурыздан бері бірінші рет 43 доллардан асты.

Биылғы тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы Лондонның ICE биржасында1,7% өсіп, баррелі 43,02 долларға жетті. Сауда алаңының соңғы мәліметтерінде осылай делінген.

Мұнайдың бұл түрінің құны соңғы рет 6 наурызда 43 доллардан жоғары болған еді. Одан кейін күрт құлдырап кетті.

Ал WTI маркалы мұнайдың баррелі 40,22 доллар деңгейінде тұр. Бұл - өткен сауда кезіндегі бағадан 1,7 пайыз жоғары.

ОПЕК+ министрлері 6 маусымдағы кеңесте тағы бір ай бойы, яғни шілденің соңына дейін мұнай өндіруді азайту жөнінде келіскен болатын. Бұл - мұнай өндірісі тарихындағы ең ауқымды төмендету болып отыр.

Дереккөз: "ҚазАқпарат"

Пікір жазу
  • Н. Назарбаев: Дағдарысқа алғаш тап болып отырған жоқпыз
    Microsoft: Қазақ тілінің 22 миллионға жуық сөйлеушісі бар

    Ұқсас тақырыптар