New-York қалай індеттің ошағына айналды

Уақыты: 2020-03-26 Көрлімі: 1387 Сипаттама

New-York Америкадағы тұрғындары ең жиі қала саналады. АҚШ жан саны агенттігі(U.S.Cencuc Bureau) мәл...

_111177942_gettyimages-1210144924 (1).jpg

New-York Америкадағы тұрғындары ең жиі қала саналады. АҚШ жан саны агенттігі(U.S.Cencuc Bureau) мәліметінше, қаланың әр шаршы шақырымында 28000 адам тұрады. Міне осы тығыздық, ығы-жығы метро, қайшалысқан спорт алаңдары, араның ұясы сынды көпшілік жатақханалар вирустың таралуының елпек көмекшілері болып шығып отыр. “Мынадай жағдайда адамдардың тығыздығы бәлеге айналып тұр. Адамдар тығыз жерде олардың басқалармен қатынасы жиілейді де, вирусты тарату ықтималдығы әлдеқайда артады”,- дейді Stanford University  жұқпалы індеттер маманы Steven Goodman доктор.

23 наурызда індет жұқтырушылар саны New-York 13000-ға жетсе(125 кісі көз жұмған), ол  Los Angeles-те 500 болған (7кісі). Ал Los Angeles-тің жан саны New-York-тің жартысындай-ақ. Жәй күндері бұл қалада метрода қатынайтын адамдардың саны 500 мыңға жетіп жығылады, бұл Los Angeles-тің жарты айлық санымен парапар. 400 мың тұрғын қысылысқан көпшілік жатақханаларда өмір кешеді. Бұл қаланың жылына 60 млн турист қабылдайтыны тағы бар. Көрші штаттардан келіп жұмыстанатындардың өзі 10 млн-дай. Сөйтіп, New-York-ті індет ошағына айналдырып жіберген, онда мың адамның бірі дерлік вирус жұқырып алған, бұл мөлшер Италияны да жолда қалтырып отыр.

Штат бастығы Andrew Cuomo-ның айтуынша, індетті тізгіндеудің алғашқы шаралары тым сәтті болмаған. Қала тұрғындары демалыс күндері бақшада серуендеп, қала қыдырып кеткен де, аралық сақтау қағидаттары адырам қалған. Көрші Florida штатындағы вирустың таралуы да осы New-York-қа қатысты болып шыққан, қысқасы халық New-York-тан Florida-ға қашқан. “Oнсызда тұрғындарымыз тығыз, оның үстіне халықаралық туристер де ағыла берді, сонымен осындай күйге жетіп отырмыз.” - дейді New-York індеттен сақтану орталығының бұрынғы директоры Thomas R.Frieden - “Ендігі әңгіме, елдің басқа аймақтары осы бізден сабақ алама-алмай ма дегенге саяды.”

Сурет: bbc.com

Finance Times(25.03.2020) басылымының Қытай тіліндегі нұсқасынан ықшамдап аударған

Құрмет Қабылғазыұлы


Пікір жазу
  • Коронавирустан кейін - II
    Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнес өкілдерінің үндеуіне қатысты пікір білдірді

    Ұқсас тақырыптар