Ұлттық туризм шетелдік туроператорлардың қызығушылығын арттыруда

Уақыты: 2019-12-10 Көрлімі: 557 Сипаттама

лматы қаласының туризм басқармасы онлайн және оффлайн желілерінде Алматы қаласын жарн...

2019_12_10_shymbulak5.jpgлматы қаласының туризм басқармасы онлайн және оффлайн желілерінде Алматы қаласын жарналамалауды бастап кеткен-ді. Жылдың басынан бергі аралықта Лондон, Мәскеу және Берлин, Мумбай,  Гонконг қаласында өткен конференцияларда қазақстандық туроператорлар белсенді деуге негіз бар. Көршілес Ресей, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстан, т.б. елдерден келушілер үшін Қазақстан табиғаты ерекше көркімен баурайды. Ал Медеу мұз айдыны мен Шымбұлақ шатқалының табиғи әсемдігі өз алдына бөлек. Табиғаттың бұл көрікті келбетін сөзбен айтып суреттеу мүмкін емес дейді, пікір білдірген туристер.

Қазақстанға «Шымбұлақтың» бауырлас-курорты – «Роза Хутор» тау курортының делегациясы келгендігі алдағы уақыттағы туристік ынтымақтастыққа ықпал етеді, деп бағамдайды сарапшылар. Аталған курорттың халықаралық қатынастар және туризм департаментінің басшысы А.Марков қазақстандық туроператорлар мен турагенттіктерге «Роза Хутор» мүмкіндіктерін, ынтымақтастықты дамыту мен 2019-2020 жылдарға әзірленген жаңалықтарды таныстырды.

Қазақстан мен Ресей арасындағы туристік ағын соңғы жылдары белсенді түрде өсуде. 2018 жылдың қазан айында қол қойылған екі елдегі ең танымал «Шымбұлақ» және «Роза Хутор» тау курорттары арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум бұған өз үлесін қосты. Меморандум аясында серіктес курорттар курорттық-сауықтыру демалысын, спорт пен туризмді ұйымдастыру мен дамытуда ақпараттық, білім беру, әдістемелік және консультациялық қолдауды жүзеге асырады. Айтпақшы,  жазда «Роза Хутор» Қазақстаннан мыңыншы келушіні қабылдады, биылғы маусымда курорт кем дегенде нәтижені екі еселеуге үміттенеді. «Тұрақты әуе қатынасын ұйымдастырудың арқасында Қазақстаннан туристер «Роза Хуторға» жиі келеді. Мұнда оларды ең алдымен, белсенді және әртүрлі демалыс түрлері еліктіреді: таудағы жаяу бағыттар, родельбан, аспалы көпір, биік таулы әткеншектер, веложарыс, Қара теңіздегі фирмалық жағажай. Бізде балалардың бос уақытын өткізуі жақсы ұйымдастырылғаны аян, мейрамханалардың үлкен таңдауы, концерттік бағдарлама да бар. Кезекті қысқы маусымға біз бірқатар жаңа белсенділіктер мен тиімді ұсыныстарды дайындадық, олар туралы Қазақстандағы әлеуетті серіктестерімізге баяндауға асықпыз», деп атап өтті «Роза Хутор» ТК халықаралық қатынастар және туризм департаментінің басшысы Аркадий Марков.

«Роза Хутор» мамандарының Қазақстанға сапары барысында өзге де маңызды іс-шаралармен қатар  «Тұран» және Almaty Management University студенттеріне «Оқиғалы туризм туристік қызметтерді дамытудың перспективалы түрі ретінде» тақырыбында лекция өткізді. Қазақстандық студенттер халықаралық курорттардың тарихы және даму жоспарларымен танысып, туризмдегі серпінді дамып келе жатқан бағыт туралы ақпарат алмасты.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ

Дереккөз: "Егемен Қазақстан"

Пікір жазу
  • Табысы аз отбасы балаларына берілетін көмекке не кіреді
    Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды

    Ұқсас тақырыптар