Бюджет шығыстарының басым бөлігі әлеуметтік көмек пен қамсыздандыруға жұмсалады

Уақыты: 2019-11-25 Көрлімі: 898 Сипаттама

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов 2020-2022 жылда...

Алихан-Смаилов.jpg

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының негізгі сипаттамалары туралы айтты.

2020 жылдағы түсімдер биылғы жылғы бюджеттен 653 млрд теңгеге ұлғая отырып, 11,3 трлн теңге сомасында айқындалды. 2020 жылға бюджет тапшылығы 1,6 трлн теңге деңгейінде айқындалды, оның көлемі 2022 жылы 890 млрд теңгеге дейін төмендейді. 2020 жылға бюджет шығыстары 12,9 трлн теңгені құрайды. Азаматтардың әлеуметтік игілігіне басымдық беріледі. Осы бағыт бойынша үш жылдық кезеңде шығыстар 20 трлн теңгені, оның ішінде 2020 жылға – 6 трлн теңгені, немесе шығыстардың жалпы көлемінің 46,4% құрайды. 2022 жылға қарай бұл көрсеткіш 53,8%-ке дейін артады, - деді қаржы министрі.

Оның сөзінше, 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетте әлеуметтік көмекке және қамсыздандыруға – 11 трлн теңге, оның ішінде 2020 жылы 3,4 трлн теңге бөлу жоспарланып отыр. Шығыстардың басым бөлігі немесе 97%-і зейнетақыны, жәрдемақыны, атаулы әлеуметтік көмекті, жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы қаржылай өтемақы төлеуге арналған. 

Денсаулық сақтауға 2020-2022 жылдары шығыстар – 4,7 трлн теңге, оның ішінде 2020 жылы 1,5 трлн теңгені құрайды немесе 2019 жылдың деңгейіне қарағанда 299 млрд теңгеге өседі. Аталған өсім негізінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшумен және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медицина қызметкерлерінің еңбекақысының ұлғаюымен байланысты болды, - деді Смайылов.


Ал білім беру және ғылым саласына бюджет жобасында – 3,7 трлн теңге, оның ішінде 2020 жылға 858 млрд теңге қарастырылған. 2019 жылғы бюджетпен салыстырғанда шығыстардың ұлғаюы 285 млрд  теңгені құрады және педагогтардың еңбекақысын арттыруға байланысты болды.

Шығыстардың әлеуметтік блогы шеңберінде "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы, денсаулық сақтауды, тілдерді қолдануды, білім мен ғылымды және туристік саланы дамыту іске асырылатын болады.

Назерке АБИБУЛЛА

Дереккөз: Baq.kz


Пікір жазу
  • А. Аймағамбетов: Мұғалімдерді даярлайтын ЖОО санын 85-тен 20-25-ке дейін қысқарту жоспарланып отыр
    "Қырғызстан мен Қазақстанды алаңдатып отырған мәселелер де ортақ"