Қазақстан Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде позициясын жақсартты

Уақыты: 2019-10-09 Көрлімі: 1111 Сипаттама

Дүниежүзілік экономикалық форум Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингін...

Дүниежүзілік экономикалық форум Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингін жария етті, деп ҚазАқпаратқа  сілтеме жасап хабарлаймыз.

Аталған рейтингке сәйкес, Қазақстан 141 елдің ішінде 55-орынға тұрақтады. 2018 жылмен салыстырғанда еліміз 4 позицияға жоғары көтерілді. Қазақстанның мұндай жоғары позицияға ілгерілеуіне «жергілікті еңбек нарығын дамыту» бөлімінде 25-орынға тұрақтауымыз септігін тигізіп отыр. Сонымен қатар еліміз «бизнес қарқындылығын бағалауда» 25-орынға орналасты. Дегенмен, шетелдік сарапшылар Қазақстанның қаржы жүйесін өте төмен бағалаған. Бұл рейтингте 104-орында тұрмыз. Ал «денсаулық» пен «инновациялық әлеует» бойынша 95-орынға іліктік. 

Рейтингті Сингапур бастаса, одан кейінгі позициялар АҚШ пен Гонконгқа тиесілі. Ал бұрынғы Кеңес Одағының құрамынан шыққан өзге елдердің ішінде Ресей - 43, Әзербайжан - 58, Қырғызстан 96-орында тұр.

 Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі – жаһандық зерттеулер және әлем елдерінің экономикалық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші бойынша онымен қоса жүретін рейтингі. Әлем елдерінің жаһандық бәсекеге қабілеттілік индекстерін Бүкіләлемдік экономикалық форум өзінің жыл сайынғы қорытындыларында шығарып отырады. Бұл зерттеулер 2004 жылдан бері жүргізіледі және қазіргі кезде әлемнің түрлі елдері бойынша бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің неғұрлым толық кешенін бейнелейді. 

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі әртүрлі экономикалық даму деңгейінде дамыған әлем мемлекеттерінің ұлттық бәсекеге қабілеттілікті айқындайтын 119 көрсеткіш ішінен 12 бақылау көрсеткіштеріне біріктірілген. Олар: «Институттар сапасы», «Инфрақұрылым», «Макроэкономикалық тұрақтылық», «Денсаулық және бастауыш білім беру», «Жоғары білім және кәсіптік даярлық», «Тауарлар мен қызметтер рыногының тиімділігі», «Еңбек рыногының тиімділігі», «Қаржы рыногының әртүрлілігі», «Технологиялық даму деңгейі», «Ішкі рыноктың мөлшері», «Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі», «Инновациялық әлеует».

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Қазақстан Президенті Елорданы дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
    Қазақстанның алтын қоры 9,2%-ға өсті