Уго Чавес Венесуелэны калай тақырға отырғызды?

Уақыты: 2019-03-20 Көрлімі: 769 Сипаттама

Кариб теңізінің жанға жайлы жағалауынан 916 мың шк. аумақты ала орналасқан Венесуэла ел...

 1483189389_0_0_1804_1015_600x0_80_0_0_b88c5626a34a206c0ceb8714260d12e5.jpg

Кариб теңізінің жанға жайлы жағалауынан 916 мың шк. аумақты ала орналасқан Венесуэла елінің бүгінгі тағдырының күллі әлемді алаңдатып отырғаны бар. Халқы 30 млн-ға жетер-жетпес болғанымен, басқа байлықтарын айтпағанның өзінде, қоры Саударабиясынан да мол мұнайымен-ақ әлемнің “мұнай қамбасы” атанған мемлекеттің баяшат өмір сүруге толық қақы да, әлеуеті де бар-ды. Алайда, билігі екіге жарылып берекесі тайған, халқы қайыршылық күй кешкен, шетелге белшесінен қарыз сорлы мемлекетке айланып отыр. Венесуэла осы ғариф күйге қалай душар болды? Бұл сұрақтың жауабы ғасырлар тоғысындағы Чавесизмнен табылса керек.

Орталық американың өзге елдеріндегідей, Венесуэланың да қазіргі заман тарихы популияризммен әдіптеліп келген-ді. Десе де Уго Чавестің1954-2013жж есімімен әспеттелген Чавесизм оның мүлде жаңаша әм ең әсіреқызыл түрі еді. Әділетін айтқанда, Чавес қызықты тұлға болды. Ол өзі бір рет іске аспай қалған саяси төңкеріс жасады, өз билігіне қаратылған бір реткі іске аспаған саяси төңкерісті бастан өткерді, өзін биліктен кетіруге бағытталған бір реткі жалпылық референдумнан аман қалды, төрт мәрте қатарынан президенттікке сайланды, президенттікті мерзімсіз атқаруға қамданған конституциялық өзгерісті “ұқсата білді”. 2013 жылдың наурыз айында 59 жасында бақиға аттанған Чавестің мұрасы “Боливар төңкерісі” және “21 ғасыр социализмін” ұстын еткен Чавесизм моделі еді. Президенттік мандатын иелене сала-ақ,  1999 жылдың ақпанында өзінің айырықша табынатын, заманында Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливияларға Испаниядан бостандық әперген Симон Боливардың (1783-1830жж.) аяқтамаған ісін жалғастырып, бейбіт әм демократиялы түрде “боливар төңкерісін” жүзеге асыратынын мәлімдеді. 1999 жылдың желтоқсанында қабылданған жаңа конституцияны “боливар конституциясы” деп атаумен бірге, республика атауын “Боливариян республикасы” деп өзгертті. 2005 жыл ақпанда “боливар төңкерісінің” мақсатының “21 ғасыр социализмін” орнату, ал “21 ғасыр социализмінің” христандық социализм, индиянизм, боливaризм, марксизм, торосизм және кастроизмнің синтезінен қалыптасқан, кәдуелгі ұғымдағы социализмнен мүлде бөлек, Венесуэлалық үлгідегі өзгеше социалистік түзім екендігін мәлімдеді. Кәдімгі Исаны заманымыздың тұңғыш социалисті деп жариялады. Ол жаңа либерализмді қатты жек көрді, нарықтық экономика ережелері мен құн заңын мойындамады. Сондықтан да, осынау жабайы, адамгаршіліксіз түзімнің орынын “21 ғасыр социализмімен” алмастыруға бекінді. Осындай сенімнің жетегінде, Чавес тек табысты теңеп бөлумен айналысты, экономикалық өнімділік, тиімділік дегендермен шаруасы болған жоқ! Оның тұсында мұнай бағасы 1998 жылдағы 10$-дан(барелл) 2010 жылғы 100$-ға дейін көтерілді. Жақын одақтасы Қытай 2007 жылдан бастап “мұнайға несие” түрімен 51млрд$ қарыз береді. Осылардан дұрыстап пайдалана алмаған ел бүгін тақырда отыр. Қытайға әлі 23млрд қарыз көрінеді.

Чавесизм логикасының өзегі саяси авторитаризм, экономикалық нарықсыздандыру, әлеуметтік асыра игіліктендіру болып табылады. Билікті шоғырландыру жолындағы кедергілерді аластау есебімен Чавес, ең әуелі екі реткі жалпы халықтық референдум арқылы өз жақтастары ондағы 128 орынның 121-ін иелеген конституциялық кеңес құрып алды. 1999 жылы тамызда аталған кеңеске пәрмен беріп, шұғыл әділет комитеті мен шұғыл заң шығару комитетін құрғызды. Бұл енді бұрынғы сот пен парламентті жоспардағы конституциялық өзгерістерге қол байлау болғызбаудың қамы еді. Іле-шала желтоқсанда қабылданған “боливар конституциясы” 1961 жылдан бері күшіндегі қос палаталы парламентті бір палаталық тәртіпке өзгертеді. Осылайша, мемлекеттің басты билігін президенттің, атап айтқанда өзінің қолына жинап алады. Жаңа конституцияның бір жылдығында, жаңадан құрылған бүкіл мемлекеттік өкілдер кеңесіне(парламент) өзіне заң шығару құқын беру ұсынысын көтеріп, өзінің елді жарлықтармен бір жыл басқаруға мұрсат сұрайды. 2011 жылы карашаның 11 жұлдызы немесе жаңағы ұсыныстың қабылданғандығының бір жылдығында Чавес 49 заңдық күші бар жарлық шығарып үлгерген екен. Бір қызығы, Чавес биліктегі 14 жылында парламенттен осындай мәртебені 4 рет “өтініп алыпты”. Кейін елді әлекке салған көп заңдар осы тұста жарлық түрінде жарияланған-ды. Сот саласында, жоғары соттың 20 судясының санын 32-ге көбейтіп, оның 9-ын өзі тағайындапты. Десе де мұның бәрі Чавесті қанағаттандыра алмады. Басты аңсар президенттік мерзімде еді! Бұрынғы жүйеде әсілі әкімдер мен мэрлердің міндеттерін мерзімсіз атқара берулеріне болушы еді. Бірақ, бұл президенттің өктемдігіне сын болып табылды. 2007 жылдың желтоқсанында Чавес осы лауазымдарға мерзім тағайындау жайында конституцияға өзгеріс енгізу референдумын өткізеді де, онысы халықтың жаппай терістеуіне ұшырайды. Ендігі жерде бұлай ойнауға болмайтынын түсінген Чавес аунап түседі де, сайлаумен шыққан мемлекеттік қызметкерлердің барлығының отыру мерзімін ұзарта беруге болатын етеді. Осыменен-ақ өзінің де президенттік мерзімін қалауынша ұзартуына жағдай жасап алады. Осылайша, Чавестің популистік сыңайда ойына келгенінше жасаған тоталитарлық жүйесі Венесуэланың демократиясы мен заңын құрдымға жіберді.

Чавес Экономиканы нарықсыздандыруды жалпылай мемлекет меншігін енгізу, бағаны уыстау, валютаны шеңгелдеу тәсілдерімен жүзеге асырды. 1999 жыл қабылданған конституцияда Венесуэла мұнай компаниясының мемлекеттік меншікте болатындығы бірден анық көрсетіледі. 2004 жылдан бастап елдегі барлық мұнай кеніштері мемлекеттенді. Мұнайдан тыс, Чавес телекомуникация, электр, цемент, болат, банктен тартып, күріш өңдеу, кофе өндірісі, супер маркеттерге дейін мемлекетке алады. Нәтижесінде, шетел инвестициясы қашып, ішкі өнімділік құлдырайды, жемқорлық етек жайды. Чавес бастап берген азық-түліктің бағасына шектеуді оның қоғамдық көлік жүргізушісінен шыққан мұрагері Мадро онан сайын күшейтіп, тұтыну заттарына түгел дерлік баға белгілеп, тауар жетіспеушілігін қолдан жасап, кезекке тұрған халықтың кірсабынның өзін жеке куәлікпен алатын күйге жеткізді. Мұнай бағасының құлдырап, тауар жетіспеушілігі жағдайында, елдің валюталық қоры сарқылып қалды. Ал валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, Мадро үкіметі ақшаның тұрақты курсін енгізді. Тұрақты курсты ұстап отырудың жеткілікті валюта қорын қажет ететіні белгілі. Осындай жағдай ақшаның ауыр деваливациясы(2015 жыл бір жылдың ішінде 530%) мен бағаның пайызбен  саналмайтын дәрежеде шарықтауына ұрындырды.

Әлеуметтік асыра игіліктендіру саясаты. Чавестің әлеуметтік әділдікті іске асырмақ ниетпен қолға алған игіліктендіру саясаты, оның мемлекеттің қаржылық қуатынан мүлде асып кеткендігінен орыны толмас зардаптарға алып келді. Мысалы, 2015 жылдан бұрын бір миллион пәтер қолданысқа жіберілді және ол дерлік төмен тұрмыстыларға бөлініп берілді. Десе де бұл пәтерлерге иелік құжаты берілмейтіндіктен, үкіметтің мақтауын асырмасаң оны мемлекеттің қайтарып алуы кәдік болды. Бұл кезегінде, халықты кепілге байлаумен бірге, тұрғындардың жатыпішерлігіне жол ашты. Мысалы, бағасы өзіндік құнының 10%-не ғана белгіленген бензиннің бағасын көтеруге болған үкіметтің ұсынысы тұрғындардың ереуілімен іске аспай қалды.

Чавестік популияризм есі барлардың елден безуіне итермелеуде. 1998-2013 жылдарда 1,5 миллион тұрғын шетел асты. Мұның 90%- астамы жоғары білімді, 40%-інің магистр, 12%-інің доктор ғылыми дәрежесі болған. Ал билік болса осының зардабының бәрін сыртқы дұшпан күштерге сілтеп әлек.

 

Қытайша материалдан еркін стилмен ықшамдап аударған

                             Құрмет Қабылғазыұлы

 

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Жастар жылы. 300 жасқа кәсіпкерлікті оқуға грант беріледі
    Түрлі ел басшылары Тоқаевты Президент лауазымына кірісуімен құттықтады

    Ұқсас тақырыптар