«ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықаралық өнер фестивалі өтті

Уақыты: 2018-11-10 Көрлімі: 1132 Сипаттама

6-7 қараша күндері Бейбітшілік және келісім сарайында шетелде тұратын отандастарымызды...

2018110904280821-750x460.jpg

6-7 қараша күндері Бейбітшілік және келісім сарайында шетелде тұратын отандастарымыздың қатысуымен «ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықаралық өнер фестивалі өтті. Шараны ҚР Қоғамдық даму министрлігі, «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Астана әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды.

2018110904280878-750x460.jpg

«Қасиетті қазақ елі» өнер фестиваліне еліміздің түкпір-түкпірінен келген қандастарымызбен қоса, Франция, Қытай, Ресей, Моңғолия, Түркия қатарлы алыс-жақын шетелдерден 50-ден астам өнерпаз қатысты. Олар үш аталым бойынша өнер көрсетті: мүшәйра, терме және халықтық қолданбалы өнер. Белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Қазақ үні» газетінің бас редакторы Қазыбек Иса, Ақын  Ербол Алшынбай бастаған қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалап, тиісті жүлделі орындар тағайындады.

2018110805511154-750x400.jpg

Фестивальдің салтанатты марапаттау рәсімін құттықтау сөзімен ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Калетаев мырза ашып берді. Ведомство басшысы шара қонақтары мен шетелден келген отандастарымызға аталмыш фестивальдің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Елбасының тапсырмасына сәйкес құрылған «Отандастар» қорының ұйымдастыруымен өтіп жатқанына тоқталды. Белгілі қоғам қайраткері, саясаткер Нұртай Әбіқаевтың басшылығындағы қор жұмысы шетелдегі және елге оралған қандастарымызға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған. Сонымен қатар, министр «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі – Қоғамдық даму министрлігінің «Отандастар» қорымен, Дүниежүзі қазақтар қауымдастығымен және Астана әкімдігімен бірлесе жасалған жұмыс пен тығыз серіктестіктің нәтижесі екендігін атап өтті. Дархан Калетаевтың айтуынша, осындай шаралар отандастарымызбен арадағы қарым-қатынасты тек беки түсіретініне сенімді. Сөз соңында Дархан Калетаев мырза ҚХР-нан келген отандасымыз Жұматай Көксубайға фестивальдің бас жүлдесі мен 400 мың теңге көлеміндегі ақшалай сертификатты табыстады.

2018110811430391-738x460.png

«Жыр мүшәйрасы» аталымының жүлдегерлерін құттықтау салтанаты «Отандастар қоры» АҚ Президенті Нұртай Абіқаев мырзаға тапсырылды. Аталым бойынша 1 орын жүлдегері – ҚХР-нан келген, Астанада тұратын Алаш Тұрсынәліұлы, 2 орын иегері – Монғолия азаматы Нарқұлан Райханұлы және 3 орын жүлдегері болып – Түркістандық Шынарбек Жомартұлы атанды.

201811090427549-739x460.png

«Қолөнер» аталымының жүлдегерлерін марапаттау Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков мырзаға тапсырылды. Аталым бойынша 1 орын жүлдесі – Монғолиядан келген ақсақал Хайып Қабылға, 2 орын жүлдесі – ирандық қандасымыз Нарғыз Тінейге және 3 орын жүлдесі – ресейлік отандасымыз Артықбай Смағұловқа табысталды. 

2018110904275536-741x460.png

«Терме өнері» аталымының жүлдегерлерін Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев мырза марапаттады. Аталым бойынша 1 орын жүлдесі ҚХР-нан келген Нұржігіт Есхатқа, 2 орын сыйлығы өзбекстандық Мәмбетназаров Жанғарға және 3 орын жүлдесі астаналық Арман Қалелбекұлына бұйырды.

2018110811431312-743x460.png

«Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі сыйлығының жалпы жүлде қоры 3 миллион теңгені құрады. Жүлдегерлерге арнайы кубоктар мен дипломдардан бөлек қаржылай сыйлықтар табысталды. Бас жүлде иегерінен бөлек, 1 орын иегерлеріне – 250 мың теңгеден, 2 орын иегерлеріне – 150 мың теңгеден, үшінші орын иегерлеріне – 100 мың теңгеден және  ынталандыру сыйлығы иегерлеріне – 50 мың теңгеден берілді.

2018110904273817-768x512-750x460.jpg

Салтанатты марапаттау рәсімі фестиваль жеңімпаздары мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен гала-концертке ұласты.

2018110811430889-737x460.png

Дереккөз: ДҚҚ Баспасөз орталығы

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Қытайдағы қандасымыз әлемдегі ең ұзын көпірді жобалауға қатысқан
    Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде қауіпсіз әлемді құру үшін бірігуге шақырды