СҚО-ның Қызылжар ауданында оңтүстіктен көшіп келгендерге 39 үй салынды

Уақыты: 2021-04-18 Көрлімі: 1424 Сипаттама

СҚО-ның Қызылжар ауданында оңтүстіктен көшіп келгендерге 39 үй салынды...



WhatsApp Image 2021-04-18 at 17.43.09 (1).jpeg

Солтүстік Қазақстан облысындағы Бескөл ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 4 жоба жүзеге асады. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 1,4 млрд теңге бөлініп отыр. Келер жылы аудан орталығында су мәселесі түбегейлі шешіліп, көшелерге жол төселеді. Тәуелсіздікпен түлеген елді мекенде тағы қандай жұмыстар атқарылады? 

Биыл Қызылжар ауданында оңтүстіктен көшіп келген отбасылар үшін 39 тұрғын үй салынды.  Солардың бірінде Насыровтар тұрады. Ситора баласымен үйде, ал күйеуі жұмыс істейді. Енді оларға туыс-туғандары сұрау салып жатыр. 

Ситора Насырова, Бәйтерек ауылының тұрғыны: - Оңтүстіктен көп адам звандайды. Сұрайды как, қалай көшіп келуге мүмкін осы жерге. Айтамыз осылай-осылай, документ жинайсың деп. Звондайсың, көресің келіп.  

Биыл Қызылжар ауданының орталығы - Бескөл ауылында алғашқы 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Келер жылы тағы біреуі салынады. Бұл баспаналар пәтер кезегінде тұрған азаматтарға беріледі. 

Есенгелді Қоқышев, құрылыс компаниясының өкілі: - Бұл үйге бүкіл коммуникациялар әкелінеді. Су, канализация центральный, жылу бәрі центральный болады. Материалдар Отандық. Арматура Теміртаудан, Қарағандыдан. Газобетон Астанадан. Бетон біздікі, өзіміз жасаймыз. Цемент Қазақстанда жасалған.  

Биыл Бескөлде жылу желісі тартылды. Қазір оған 90 нысан қосылған. Мектеп, балабақша, мәдениет үйінде пеш жағылмайды. Тұрғындар да отын – көмірдің не екенін ұмытты.

 Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші: - Соңғы 5 жылда Қызылжар ауданының орталығы – Бескөл халқы 2 есеге өсті. Қазір бұл ауылда 14 мыңнан астам адам тұрады. Олардың дені елді мекенннің оңтүстік-шығыс жағынан үй салып алған. Келер жылы мұнда 300 балаға арналған мектеп бой көтереді. 

 Жаңа мектеп қажет. Бұл жақтың балалары тас жолдың арғы бетіне барып білім алады. Сондықтан бұл мәселе облысты дамытудың кешенді жоспарына енгізілді. Оның құрылысына 1 млрд. теңге бөлінеді. Осымен 3 ауысым мәселесі де шешіледі.  

Әйгерім Бейсенбаева, Бескөл ауылының тұрғыны: - Немерелеріміз барады мектепке. Центрге апарамыз. Автобус жинайды қазір. Таңертең жинайды, түсте өзіміз таксимен әкелеміз, автобуспен алып келеміз. Ал мына жақта болса жақсы болар еді, жақын жерде.

  Бескөл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына енді. 2020 – ыншы жылы аудан орталығына 1,4 млрд теңге бөлініп, қордаланып қалған мәселелер өз шешімін таппақ. 

Жанат Сәдуақасов, Қызылжар ауданының әкімі: - Біріншіден, халықты сапалы ауыз сумен қамту. Келер жылы аудан орталығында қалған әр үйге тіршілік көзі тартылады. Екіншіден, жол. Бескөлдегі басты көшелер түгел асфальтталады. Бұл тұрғындардың негізгі талап-тілектері.  

Алдағы 5 жылда Қызылжар ауданында тағы бір елді мекен пайда болады. Қазір Белое мен Пенькова ауылдарының арасынан жер бөлініп, бас жоспарға енгізілді. Онда кезекте тұрған адамдарға 500 тұрғын үй салынып, жер телімдері беріледі.  

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев


  



www.24.kz сайтынан алынды 

Пікір жазу
  • Ерлан Қаринмен жер қатынастары заң жобасы жайындағы сұхбат
    Қазақстан-Ресей: шекарада дау туғызған қада мен қоршау. Жұрт наразылығына не себеп?

    Ұқсас тақырыптар