Алматыда коронавирустың жаңа штамы бар-жоғы тексеріледі

Уақыты: 2021-04-27 Көрлімі: 376 Сипаттама

Коронавирус жұқтырған алматылық науқастардың сынамасын Алматы қаласы санитарлық-эпид...

210427182928827a3781647i.jpg

Коронавирус жұқтырған алматылық науқастардың сынамасын Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары тексереді. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Жандарбек Бекшин бұған дейін зерттеу жүргізілгенін, оның барысында зерттеу үшін алынған сынамалардың 78 пайызынан «британдық» штамм анықталғанын айтты. Сондай-ақ, «бразилиялық» және «Оңтүстік Африка» коронавирус штамдары да бар.

«Біз келесі аптада 1000 сынаманы зерттеуді жоспарлап отырмыз, мутацияны анықтаймыз. Мутацияланған штамм ішінен «британиялық», «даниялық», «бразилиялық» және «Оңтүстік Африка» штамдарын нақты анықтауды жоспарлап отырмыз. Бұл қоздырғыштардың ерекшелігі жұқпалығы және қысқа инкубациялық кезеңінде. Мутациялар жас топқа бағытталған. Науқастардың саны наурызда 90 пайызға, ал қаңтарда науқастардың жалпы санының 73 пайызына жетті», - деді Жандарбек Бекшин.

Бұған дейін, Алматыда коронавирус жұқтырғандардың 36%-ы — жастар екенін хабараған болатынбыз.


Автор Алма Мұқанова


Пікір жазу
  • QazVac отандық вакцинаны кімдер салдырды?
    Тәуелсіздік және ұлттық мәдениет

    Ұқсас тақырыптар