Әуезов театрында 4 жаңа қойылымның тұсауы кесіледі

Уақыты: 2021-02-16 Көрлімі: 682 Сипаттама

Тұңғыш рет М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры сахнасында бірден 4 жаңа қойылымның тұсауы кесіледі....

ARD_6006.JPG

Тұңғыш рет М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры сахнасында бірден 4 жаңа қойылымның тұсауы кесіледі, деп театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлаймыз.

Тұсаукесерлер 17-20 ақпан аралығында өтіп, 17 ақпанда  қоюшы-режиссері Н. Дубстың «Екеуміз...» драмасы,  18 ақпанда қоюшы-режиссері А.Шариповтың «Оң қол» хоррор драмасы,  19 ақпанда қоюшы-режиссері Н.Жұманиязовтың «Барымен базар» комедиясы, 20 ақпанда қоюшы-режиссері Е.Кәрібаевтың «Туған күн» монодрамасы көрсетіледі.

 

 «Екеуміз...» драмасы

ARD_4190.JPG

Мәскеулік драматург  О. Жанайдаровтың «Екеуміз» пьесасында оқиға желісі жастар арасындағы желік сезім, стереотиптік көзқарастар, әлеуметтік мәселелер және отбасылық құндылықтар жайында. Жеке адамның өзін-өзі тани білуі, өзгенің жанын, жақынының жанын сезіне алуы, тыңдай-көре білуінің, түсінісу мен жарасымның, кешірімнің қаншалықты маңыздылығын ұғындыратын сәттерге куә етеді. Пьесаның тақырыбы жастардың ғана емес, адамдардың рухани жағынан үндестік табу мәселесін көтереді. Бірақ, оған қоғамда қалыптасып қалған таптаурын сананың ырық бермеуінен барлығы өз оранған шекпенінде қалады. Қоюшы-режиссері Н. Дубс.

ARD_4091.JPG

«Оң қол» хоррор драмасы

ARD_3026.JPG

Жазушы Т. Әбдіктің «Оң қол»  пьесасының оқиға желісі адам мен қоғам  қатынасын əрдайым басты назарда ұстайды. «Оң қол» қойылымындағы басты кейіпкер — Алманың бойындағы үздіксіз жүріп жатқан  үрей мен қорқыныш, өмір мен өлім арасындағы арпалыс, жан толғанысы кеңінен суреттеліп, қатерлі дерттің себеп-салдарын ашып көрсетуге талпыныс жасалады. Алма ұйқыға ене бастаса-ақ алқымына ұмтылатын оң қолдың опасыздық əрекеті тұқым қуалаған қауіпті сырқатымен күресі заманаға берген бағасы, шығарған үкімі. Жалпы, жазушы күнделікті өмірдегі пихологиялық  кейіпкерлерді көрсете отырып, заманымыздың ауқымды шиеленістерін, философиялық тұрғыдан саралаған.  

ARD_4496.JPG

«Барымен базар» комедиясы

ARD_3673.JPG

Тынымбай Нұрмағанбетов – комедия жанрында жазып жүрген драматургтер ішіндегі бірегейі. Автордың бұрын еш жерде сахналанбаған бұл туындысында қазіргі қоғамда болып жатқан өзекті мәселелер ащы сатирамен мысқылданып, көрермендерді күлдіре отырып ойға батырады. 

ARD_3749.JPG

 «Туған күн» монодрамасы

ARD_3814.JPG

«Туған күн» – тағдыр тәлкегіне түскен әйелдің жан драмасы туралы. Ата-ананың ыстық құшағы мен аялы алақанын сезінбей, балалар үйінде тәрбиеленген, бойжеткен шағында сүйген, сенім артқан адамынан сатқындық көріп, үміті кекке ұласқан кейіпкердің, мүмкін, ең соңғы туған күні...

ARD_3835.JPG

Пікір жазу
  • Созылмалы ауруы бар адамға коронавирус вакцинасы салына ма?
    Коронавируспен ауырғандар иммунитетін көтеруі үшін не істеуі керек

    Ұқсас тақырыптар